Өмірін өлеңменен өрнектеген

22 жалпы орта білім беретін мектебінде ағымдағы жылдың мамыр айының 22-күні «Болашаққа бағдар:Рухани жаңғыру бағдарламасы «Тәуелсіздікке 30 жыл», «30 игі іс», бағдарламаларын жүзеге асыру мақсатында өткізіліп отырған «Өмірін өлеңменен өрнектеген» атты жергілікті ақынмен жарқын жүздесу кеші аудандық білім бөлімінің ұйымдастырып, мектебіміздің қоғамдық-гуманитарлық пәндер бірлестіктерінің атсалысумен өткізілді.
Жарқын кездесу кешінің қонағы ауданымыздың мақтанышы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, халық ақыны, Меркі ауданының құрметті азаматы, «Қазақстан Республикасы халық ағарту ісінің үздігі», «Құрмет» ордені иегері, Қазақстан Республикасының ақыны бірнеше облыстық, республикалық ақындар айтысына қатысып, жүлдегер атанған, «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған, «Жыл құстары», «Гәкку», «Назерке», «Нәзік нақыш», Арман гүлі, «Әулиебабам-Сыпатай», «Фатима», «Бақыт» «Шапағат нұры» атты кітаптардың авторы Мамасерікова Шырынкүл Бөкейқызын зор ілтипатпен қарсы алынып, кеш «Үкілі домбыра» үйірме шәкірттерінің күмбірлеген күйімен басталып, кездесудің алғашқы құттықтау сөз кезегін мектеп директоры Сейдалиев Ербол Есеналыұлына беріліп, өз сөзінде «Туған жерге тағзым» жобасы аясында ұйымдастырылып, кездесуге келген ақынға өз жүрек жарды тілегін білдіріп, өз алғысын айтты. Кеш барысында «Өлеңімнің әр жолы өмірбаян» деп өзі жырлағандай Шырын апамыздың өмір жолымен танысу үшін бейнебаян көрсетіліп, балалардың қызығушылықтары арта түсті. «Қаламнан қуатты қару жоқ», «Әлемді билейтін -сөз,сөзді билейтін -ақын», «Ақынын құрметтеген ел озады, ақынын сыйламаған ел тозады» дегендей, ақын өміріне қызығушылық танытқан білім алушылар өз сұрақтарын қойып, қызықты да тартымды жауап алынып, ақынға деген құрмет қандай қасиетті екенін ұғынды. Сондай-ақ кездесу барысындағы «Поэзия» бөлімінде ақын апамыздың өлеңдерімен сусындап жүрген алғыр оқушылар Шөңкебай Айнұр, Жанұзақ Мерей, Срайыл Гаухар, Амантай Диана ақын өлеңдерін нақышына келтіре мәнерлеп оқып өтті. Ақын өз сөзінде биылғы жылы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай жіберген құттықтау хатын, ауданымыздың әкімі Руслан Нұрсипатов мырзаның алқызыл раушан гүлімен және сый себетімен табыстауын ақынға деген құрмет пен еңбегінің жемісі деп зор мақтанышпен айтып, бөлісті. Ақындар сезім дүниесі бөлек жандар Ақын үшін жүректен жарып шыққан жырдан артық қымбат дүние жоқ. Осы орайда Шырын апамыз «Қонақ кәде» ретінде қаламынан жаңа жауған «Шөбереме», «Туған жер» туралы өз жүрек жарды өлең шумақтарын оқып,бір серпілтіп тастады. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізілген жарқын кездесу соңында директордың тəрбие ісі жөніндегі орынбасары Батырбекова Перуза Елубайқызы кешегі қазақтың кемеңгер, ғажайып ұлы тұлғалары, өлеңнің хас шеберлерінің ізін жалғаған ақынға деген құрмет ешқашанда толастамайтынын айтып, өз алғысын мен жүрек жарды тілегін білдірді. Қонағымызға тарту ретінде Нұржан Айымның орындауындағы «Тәуелсіз Қазақстан» атты тамаша әні тартуланып, ақын апамызға сый-құрмет көрсетіліп, естелік суретке түсірілді. Қазіргі таңда ақын апамыз халықтың құрметі мен қошеметіне бөленіп жүрген ғазиз, асыл жанның бүгінгі жеткіншек жастарымызға берер тағылымы мен тәрбие қайнар көзі екендіктерін насихаттау біздің парызымыз. Бүгінгі бұл кездесу оқушылардың жүрегінде мəңгі ұялап қалары сөзсіз.
Перуза Батырбекова
№ 22 жалпы орта білім
беретін мектебінің
директордың тәрбие ісі
жөніндегі орынбасары