Аудан тұрғындары вакцина қабылдауда. бірінші кезеңде 300 доза вакцина салдырылып бітсе, бүгінгі таңда тағы 450 доза келіп, ерікті азаматтарға салынуда
Вакцинация жасату не үшін керек?
Бұл емшара кезінде ағзаға аздаған мөлшерде вакцина енгізіледі. Ол ағзаға зиян келтіретін белгілі бір инфекцияларға қарсы антител тудыруы тиіс. Осының арқасында ағзада аталмыш ауруға төтеп бере алатын иммунитет қалыптасады. Әрбір вакцинаның қатаң тәртібі, қолданылу уақыты, қолдануға болмайтын жағдайлары және енгізу жолдары (ауызға, бұлшық ет ішіне, тері астына және тері ішіне) бар.
Вакцинация жасатудың мақсаты – ағзаға вакцинаны енгізгеннен кейін спецификалық иммунитеттің қалыптасу, яғни иммундық жадының онымен байланысқан кезінде микроорганизмдердің анықталған антиденелеріне реакциясын қосу болып табылады.
Микробтың адам ағзасына енгізгеннен кейін ауру қоздырғыштарын жоятын бөлшектері – антиденелер пайда болады. Сондай бөлшектерді қажетті көлемінде өндіру үшін уақыт қажет, сол адам ауыратын уақыт болмақ. Антиденелер жеткілікті санында жинақталғаннан кейін, адам сауығады. Сырқаттың ауырлығына қарай, оған дейін аурудың асқынулары (жеңіл немесе ауыр түрлері), өлім-жітім оқиғаларына дейін дамуы мүмкін.
Вакцинация антинелердің қалыптасу уақытын қысқартуға мүмкіндік береді, сондай-ақ асқынуларға жол бермеуге ықпалын тигізбек. Екпені енгізгеннен 5-6 күннен кейін, антиденелер өңделеді, антиденелер саны тез өседі, сонымен 20-22 тәулікте егуден кейін максималды саныны жетеді. Кейінірек ағзаны аталмыш түрінің микробтарымен шабуыл жасаған кезінде, олар тезірек және жеңілдеу басылады: иммуноглобулиндер бірінші не екінші күннен-ақ өңделе басталады, олар аурумен бастапқы контактыға қарағанда, бірнеше есе астам болмақ. Сонымен вакиналардың өздері ауруды шығара алмайды, өйткені олар тазартылған және нашарлап қалған. Вакцинация жасату ауру қоздырғышын асқынуына не өлім-жітім оқиғасына еш уақытта, не мүмкіндік те бермеуі керек.