Коронавирус немқұрайдылықты көтермейді
Еліміздің 6 аумағы «қызыл аймаққа» енді, олар: Нұрсұлтан, Алматы қалалары, Атырау, Батыс Қазақстан, Алматы және Ақтөбе облыстары. Соңғы тәулікте Алматыда – 515, Нұрсұлтанда– 512 науқас осы диагнозбен тіркелсе, Алматы облысында – 220,
Батыс Қазақстан облысында – 98, Қарағанды облысында – 95, Атырау
облысында – 75 адам вирустың қармағына іліккен. Бұл ахуал бәрімізді де ойлантуы керек! Осынау кеселге қарсы мемлекетіміз барынша әрекеттер жасап, қаражат бөліп,
ауруханаларды қажетті құрал-жабдықтармен жабдықтап жатқанына қарамастан, вирустың тарауы тоқтар емес. Оған себеп, ең алдымен, тұрғындардың карантиндік
талаптарды қатаң сақтамауы болып табылады. Ескертудей-ақ, ескертіліп,
айтудай-ақ, айтылып жатыр емес пе? Әлеуметтік желілер, телерадио каналдары тынбай ескертулерін жариялауда. Әйтсе де, сол тыйымдарға құлақ аспай, жасырын
той тойлап, беташар жасап, ас-суға көптеп қонақ шақырып жүргендер аз
емес. Мұны не деуге болады? Бұл– немқұрайдылық, жауапсыздық, вирустан келіп жатқан қатердің орны толмас өкінішке әкеліп соғатынын елемеушілік, немкеттілік…
Мысалы, Алматыны алайық, ауруханалар коронавирусқа және коронавирустың белгілері бар пневмонияға шалдыққан науқастарға толы. Арнайы орындардың үлесі
80 пайызға (болуы керек 70%) жеткендіктен, осыдан екі күн бұрын орта деңгейдегі және созылмалы сырқаттары бар ауруларды, арнайы 1000 орынға дайындаған, «Халық-
Аренаға» орналастыра бастады. Оған қоса, жекелеген азаматтардан коронавирустың «ағылшындық» және «оңтүстік-африкалық» штаммдарының анықталғанынан да хабардар болып отырмыз. Бұл – пандемияның қауіпін арттыра түсуде!
Қадірлі меркіліктер!
Бар күшімізді мына тәж
тажалын жеңуге жұмсайық.
«Сақтансаң, сақтаймын» деген бар.
Карантин талаптарын орындайық!
Бетперде киіп, арақашықтық
сақтайық. Той-томалақты кейінге
қалдыра тұрайық, той қашпайды.
Жақындарымыздан ажырап
қалмайық. Мына ауыр кезеңді
бірге жеңейік.
Саулық – сақтықта!