Коронавирус: Қазақстанның 8 өңірі “қызыл” аймаққа өтті

0
271

2021 жылдың 7 сәуіріндегі жағдай бойынша, Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Алматы, Ақтөбе, Атырау және Батыс Қазақстан, Қарғанды, Ақмола облыстары “қызыл” аймақта тұр.
“Сары” аймақта Шымкент қаласы орналасқан.
Қазақстанның қалған өңірлері – “жасыл” аймақта. Қазіргі уақытта еліміз әлемдік эпидемиологиялық бағалау матрицасы бойынша “қызыл” аймаққа. Елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 2080 адам тіркелген. Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 258 917-ге жетіп отыр. Естеріңізге сала кетейік, ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы коронавирус індетіне байланысты эпидахуал жөніндегі кеңесте кәсіпкерлер жұмысын жолға қою үшін мамыр айынан бастап шектеулер кезең-кезеңімен алынуы мүмкін екенін айтты.

Comments are closed.