Аудандық полиция қызметкерлері вакцина салдыруда
Бұл процестер басталмай тұрып, ең алдымен пациент ерікті түрде вакцина алатыны туралы ақпараттық келісімге қол қояды. Одан әрі екпе алу бөлмесіне жіберіледі. Онда дәрігер вакцинадан кейінгі күтім мен сақтық шаралары туралы түсіндіреді. Екпеден кейін азамат 30 минуттай медициналық бақылау аймағында дәрігердің қадағалауында болады. Екпе алушыларға екпенің 0,5 мл. болатын бірінші компонентін алғаны туралы ескертіліп, 21 күннен кейін бұл процесс тағы да қайталанатыны айтылады. Өйткені, екінші доза біріншісінің әсерін күшейтеді және нығайтады, адам организміндегі антиденелер саны артады.
Қазақстанда әзірге ресейлік «Спутник-V» преапараты қолданылуда. Ол жүкті әйелдерге, ауыр дәрежелі аллергиясы барларға, вакцина құрамындағы заттарға сезімталдығы жоғары жандарға, 18 жасқа толмағандарға салынбайды.