«АУЫЛ — ЕЛ БЕСІГІ» БАҒДАРЛАМАСЫ ІСКЕ АСЫРЫЛУДА

0
984

Ауданымызда мемлекеттік бағдарламалар жүйелі іске асырылуда. Биылғы жылы ауданға 6,1 млрд. теңге бөлініп,  108 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Мәселен, «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында 23 жобаға 1 млрд. 352 млн. 447 мың теңге бөлінген. Бағдарлама бойынша Меркі ауылдық округі, «Үміт»  оқушылар үйінің жанынан балалар мен жасөспірімдер спорт кешенінің құрылысы жүргізілуде.

Құрылыс нысанының жалпы сметалық құны 510 875,4 млн.тг  Бағдарлама аясында 2020 жылға бюджеттен құрылыс жұмыстарына 117 303 млн. тг. қаржы бөлінді.  Мердігер  «АгроСпецСтрой» ЖШС келісімге сай   22-сәуірде құрылыс жұмыстарын бастап кетті. Екі қаббаттан, төрт жаттықтыру   залынан тұратын спорт мектебі 2021 жылы пайдалануға беріледі деп күтілуде. Дегенмен, мердігер компания күні кеше облыс әкімінің орынбасары Ұлан Еркінбекұлының іс-сапармен ауданға келіп, құрылыс жұмыстарымен танысу барысында 15 – қазанға дейін тиісті  қаржыландыру болса, құрылыс жұмыстарын бітіруге барлық мүмкіндік бар екенін жеткізді. Өйткені құрылыс қарқыны зор. Барлық материалдық база дайын. Мұнда облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес тек отандық өнімдер қолданылуда. Сонымен қатар, құрылысшылар жергілікті азаматтар қатарынан  жұмыспен қамтылуда.

«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында  ауданда күрделі жөндеуден өтіп жатқан төрт мектептің үшеуі осы бағдарлама аясында жөнделуде.

Жеміс-жидек ауылындағы №44  жалпы білім беретін мектепке бөлінген қаражат – 301 303,0 мың теңге, Ойтал ауылындағы №12  Қабылбек Сарымолдаев атындағы жалпы білім беретін мектепке бөлінген қаражат -257 640,0 мың теңге және №48 мектепте күрделі жөндеу жұмыстарына бөлінген қаражат -269 568,0 мың теңге.

Аталған мектептерде барлық құрылыс талаптарына сай жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстарын аудандық және облыстық қоғамдық бақылау тобы күнделікті бақылауда ұстауда. Қазіргі күні 50-60 пайыз жұмыстары орындалған. Барлық білім ордалары 20-тамызға дейін пайдалануға беріледі деп көзделуде.

Сонымен қатар, бағдарлама аясында   аудан аумағындағы «Ауыл Ел бесігі» бағдарламасы аясында жалпы 19 ауылішілік көше жолына 406 634.0 мың теңге қарастырылған және мемлекеттік сатып алу рәсімі бойынша мердігерлері анықталып, тиісті жұмыстар атқарылуда.

Меркі ауылдық округінде 9 көшенің орташа жөндеуі (бөлінген қаражат 160 295,0 мың теңге), Жамбыл ауылдық округінде 3 көшенің орташа жөндеуі (бөлінген қаражат-53 610,0 мың теңге), Ақтоған ауылдық округінде 2 көшенің орташа жөндеуі (бөлінген қаражат-28 177,0 мың теңге), Сарымолдаев ауылдық округінде 3 көшенің орташа жөндеуі (бөлінген қаражат-105 271,0 мың теңге), Ақарал ауылдық округінде 1 көшенің орташа жөндеуі (бөлінген қаражат-24 041,0 мың теңге), Сұрат ауылдық округінде 1 көшенің орташа жөндеуі (бөлінген қаражат-35 239,0 мың теңге) жүргізілетін болады. Бүгінгі таңда 3 көше жолының орташа жөндеу жұмыстары аяқталып, пайдалымға берілді. Қазіргі таңда қалған нысандардың жұмыстары  жоспарға сай жүргізілуде.

Ляззат Серікбай,

Аудан әкімдігі

 баспасөз хатшысы

Comments are closed.