ҚИМАС СӘТ
Соңғы қоңырау салтанаты №5 жалпы білім беру мектебінде де ерекше салтанатты түрде өтті. Әрине, карантин кезіндегі барлық санитарлық талаптар сақталғанымен түлектердің, ұстаздардың, ата- аналардың көңіл күйлері көтеріңкі. Қанша жерден бетперде кисе де бал-бұл жанған жүздері мен күлімдеген көздерінен шат көңілдері мен толқынысты сәттерін аңғару қиын емес.
Аталмыш мектеп биыл өзінің 20 түлегін ұядан ұшырмақшы. Олардың ішінде Амантай Аяна Ерғалиқызы мен Өзбек Қымбат Ғаниқызы «Алтын белгі» иегерлері.
Мектеп бітіруші түлектерге мектеп директоры Н.Қойшыманова алдағы өмір жолдарында адаспай, білім теңізінде еркін жүзіп ,өмірден өз орындарын табуына тілектестігін білдірді. Және ҰБТ-дан жоғарғы балл жинап қалаған мамандықтары бойынша жоғарғы оқу орнына түсетіндіктеріне шын жүректен сенім артты.
Осы мектептің түлегі, белгілі әнші, сазгер, өнертанушы Бағлан Бәбіжан жас түлектерді қашықтықтан құттықтап, сәт –сапар тіледі.
Мектеп бітіруші түлектерге сынып жетекшісі Э. Жақсыбаева және ата-аналар атынан Р. Тайпановалар ізгі тілектерін арнады.
Райхан Бәбіжанова,
мектеп директорының тәрбие жөніндегі орынбасары