АУДАН ӘКІМІ АСПАРАНЫ АРАЛАДЫ
Аудан әкімі Өмірбек Мейірхан Азатұлы жұмыс алгоритміне сәйкес бірқатар бөлім басшыларымен бірге Аспара ауылдық округінің тыныс-тіршілігімен танысты.
Аудан басшысы Мейірхан Азатұлы кезекті іс-сапарында Аспара ауылдық округінің көкейтесті мәселелеріне арнады. Округ әкімі Гауһар Оспанбековамен бірге «Аспара су бөгеттерін» аралап, және Қайыңдысай елді мекенінде ауыз су жүргізу мәселесіне, Құмарық елді мекеніндегі 25 үйге ауызсу жүргізу, аталмыш елді мекендегі орталық Садуақас көшесіне жарық көзін жүргізіп беру мәселелеріне тоқталып, сметалық құжаттарын, қанша қаражат шығын шығатынын есептеп дайындауды тапсырды. Аудан әкімі өз іс-сапарының соңында Аспара ауылының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында ауыл тұрғындарымен «Аспара су арнасы» бөгеттерін қалпына келтіру, көп балалы аналарға ауылдық жерден баспана қарастыру, әлеуметтік көмек көрсету, егістіктерге арнайы тыңайтқыштардың қол жетімсіздігі, егін алқаптарына ағын судың келмеуі сынды мәселелер бойынша ой бөліскен аудан әкімі алдағы уақытта біршама мәселелер қаралып талқыға салынатынын ауыл тұрғындарына жеткізді.
Мереке Еренсіз,
«Меркі ақиқат»