НАУҚАН ҚЫЗА ТҮСУДЕ

0
825

Ауданымызда егін орағына үстіміздегі жылдың 25 маусымынан бастап кірісіп кеткен «Сыпатай батыр» ЖШС-нің егіс алқабына аудан әкімі Мейірхан Азатұлы Өмірбек арнайы  ат басын бұрып, науқанның барысымен танысты. «Сыпатай батыр»  ЖШС-нің директоры Қанат Шайхиев:
— Биыл егіс алқабында көңіл қуантар жаңалықтар аз емес.  Осы жылы жалпы көлемді 1500 га жерге бидай егілді, дәл қазір алқапта бригада жетекшісі Бектас Шайхиев бастаған Бекайдар Салыбаев,Маулен Абылбеков сынды комбайншылар бастаған ұжым « Жұмыла көтерген жүк жеңіл» -деп қызу жұмыс үстінде. Енді нақтылап айтар болсам, 100 га жерге Суперэлита «Стекловидная-24» бидай сұрыпы, 100 га жерге Франциядан  арнайы аудан тұрғындарын ұнмен қамтамасыз ету мақсатында әкелінген «Эфклид» бидай сұрыпы егілген. Бұл аталмыш сұрыптың негізгі ерекшелігі бір дәннен 12 сабаққа дейін жерден өніп шы-ғып әр сабақтан 70-90 дән береді. Осы жылы аталмыш бидай сұрыпынан ең жоғарғы өнім күтеміз -дейді.
Сонымен қатар тағы да айта кетер жағымды жаңалық, биыл 200 га жерге франциялық «Тиссерин» қызылша сұрыпы егіліп күтіп, бапталуда. Аталмыш қызылша қазірдің өзінде 1-1,5 келі салмақ беріп тұрған жайы
бар, алдыда әлі де уақыт жеткілікті. Өзінің пісіп жетілгеніне дейін тағы да салмақ қосарына шүбә жоқ, керемет нәтиже беретініне сенім мол.

 

 

Мереке Нәдірқұлов,
«Меркі Ақиқат»

 

Comments are closed.