ГЭС ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

0
470

Үстіміздегі жылдың шілде айының 9-жұлдызы күні аудан әкімі Өмірбек Мейірхан Азатұлы ауданымыздағы «Гидроэнергетикалық компания» ЖШС гидроэлектростанциясында жуырда іске қосылған жаңа үлгідегі құрылғымен танысып сондағы ұжыммен кездесті. Баршамызға белгілі ауданымызда 2 бірдей гидроэлектростанция жұмыс жасайды. Осы жылы І-ГЭС күрделі жөндеуден өткізіліп, құрылғылары ауыстырылды. Бұрынғы ескі үлгідегі екі бірдей құрылғы тәулігіне небары 300-500 квт тоқ көзін бөлетін, ал қазіргі Қытайдан әкелінген жаңа құрылғы тәулігіне 12 500 квт энергия бөліп, қазіргі таңда 55 жеке тұрғын үйлерді, 48 мекемені тоқ көзімен қамтамасыз етіп отыр. Сонғы алты айдың өзінде 5 160 000 квт электроэнергия өндірді. Әрине, алдағы уақытта ІІ-ГЭС де осындай құрылғыларымен толықтырылса ауданымыздың тұрғындарын қуанышқа бөлеп,жұмыспен қамтып және жеткілікті мөлшерде энергиямен қамтитыны сөзсіз. Қазірдің өзінде 25 адам орта есеппен 107 000 теңге мөлшерінде айлық алады.
«Гидроэнергетикалық компания» ЖШС директоры Бедел Мырзабаев, бөлімше жұмыс шебері  Қанат Жанбаев алдағы уақытта аудан тұрғындарымен жағымды жаңалықтарымен бөлісетінін жеткізді.

 

 

Мереке Нәдірқұлов,
«Меркі ақиқат»

 

Comments are closed.