«Ұлттық домбыра» күні өмірге келді

0
312

Елімізде 2018 жылдың 12 маусымнан бастап шілде айының бірінші жексенбісі «Ұлттық домбыра күні» болып белгіленді. Осыған орай биыл да бүкіл республикамыз сияқты біздің ауданымыз да атап өтті. Осы айтулы мереке күні ауданымыздағы Меркі ауылында Тұраровтар отбасында үлкен қуаныш болды. Өмірге Абдуабақ атты нәресте келді. Осыған орай Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан құттықтау хат пен арнайы домбыра тарту етілді.
Төменде біз арнайы құттықтау хаттың толық мәтінін назарларыңызға ұсынамыз.
                                                                                        Қымбатты Балақай!
Сен туған еліңнің ғажап дәуірінде дүниеге келдің! Сенің Отаның Қазақстан – ұл мен қызы еркін, дамуы қарқынды, Тәуелсіз Мемлекет! Бұл – сенің далаң! Бұл – сенің Елің, айналайын! Сенің жарқын өмірің бастау алатын бүгінгі күн – отбасың үшін де, Отаның үшін де тағлымы терең, маңызы зор мереке. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өз Жарлығымен шілде айының алғашқы жексенбісін Ұлттық домбыра күні деп белгіледі. Домбыра – бұл жәй ғана музыкалық аспап емес. Бұл – сен туған елде халықты ұлттық мәдениет пен бірегейлікті сақтап, қайта жаңғырту идеясының төңірегінде топтастыруды мақсат ететін мереке. Болашақта сенің осы асыл идеяны іске асырушылар қатарында болатыныңа сенімдіміз. Өнегелі, өнерлі жолыңда Домбыра жан серігің болсын! Үлкен өмірге жасаған қадамың құтты болсын, Ұлы Дала перзенті!

                                                                                                                                                        Қазақстан халқы Ассамблеясы
Арнайы хат пен сыйлықты аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бас маманы Дәрмен Күздеубай, сәбидің анасы Ахметова Луна Кеңесқызына табыс етуде.

Comments are closed.