АРЫСТЫҚТАРҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТЕЙІК
Биыл 24 маусымда Түркістан облысының Арыс қаласындағы оқ — дәрілер қоймасында орын алған төтенше жағдайға байланысты ахуал баршаңызға мәлім.
Осы оқиғаға байланысты Қазақстан Республикасы Премьер Министрінің берген тапсырмасына сәйкес біздің өңірде де облыстық штаб құрылып, Арыс қаласындағы зардаптарды жою және зардап шеккендерге көмек көрсету бойынша шаралар басталып кетті.
Елдің бірлігін көздей отырып, зардап шеккендерге көмек көрсету үшін мемлекеттік мекемелер қызметкерлері біркүндік жалақыларымен қолдау көрсетуді жөн көріп отыр.
Осыған орай, көмек қолын созам деушілер үшін төмендегі деректемелер арқылы қолдау көрсетуге болатынын хабарлаймын.
Корпоративный фонд «Аулие – Ата — Демеу»
Адрес:KAZAKHSTAN, ЖАМБЫЛСКАЯ, ТАРАЗ, ул. Койгельды №97
БИК TSESKZKA
БИН (ИИН) 120640017505
Кбе 18
АО «First HeartIand Jysan Bank»
№ KZ56998TTB0000159726
Назначения платежа: Благотворительная помощь для ликвидации последствий ЧС в
г. Арысь
Штаб төрағасы,
Облыс әкімінің бірінші орынбасары Б.Орынбеков