Атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматы, ол қалай жүзеге асырылады?

0
2254

Халықтың аз қамтылған топтарын қолдау шараларын күшейту және табыстарын арттыруға қатысты 2019 жылғы 27 ақпандағы «Hұp Отан» партиясының XVIII съезінде Елбасының берген тапсырмасына сәйкес, елімізде 1 сәуірден бастап атаулы әлеуметтік көмек көрсету мөлшері күнкөріс деңгейінің 50%-нан 70%-ға дейін көтеріліп (14849 теңгеден 20789 теңгеге ұлғайды), жаңартылған атаулы әлеуметтік көмек қолданысқа енгізілді.
Атаулы әлеуметтік көмек – жан басына шаққандағы орташа айлық табысы мұқтаждық белгісінен төмен жеке адамдарға (отбасыларға) мемлекет ақшалай нысанда беретін төлем.
Отбасының немесе жеке адамның әлеуметтік жағдайына байланысты көмек екі түрге бөлінеді: шартсыз және шартты.
Шартсыз ақшалай көмек 2019 жылдың 1 сәуіріне дейін ағымдағы тоқсанға (3 ай) тағайындалады және ай сайын төленген.
Жаңа тәртіп бойынша шартсыз ақшалай көмекті тағайындау мерзімі 6 айға дейін ұзартылды.
Шартты ақшалай көмек 2019 жылдың 1 сәуіріне дейін әлеуметтік келісімшарттың қолданылу мерзіміне (6 ай) тағайындалған.
Жаңа тәртіпке сәйкес әлеуметтік келісімшарттың қолданылу мерзімі 12 айға дейін ұзартылды.
Жаңа тәртіпке сәйкес үміткерлерге атаулы әлеуметтік көмек алу үшін — тұрғылықты жері бойынша ауылдық округ әкімдігіне – белгіленген үлгідегі өтінішпен және сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжатпен жүгінулері тиіс.
2019 жылдың 1 сәуіріне дейін атаулы әлеуметтік көмектің мөлшерін әр адамға (отбасына) жан басына шаққандағы орташа табыс пен кедейлік шегі арасындағы айырмашылық түрінде отбасының әрбір мүшесіне есептелді.
Ал 2019 жылдың 1 сәуірінен кейін атаулы әлеуметтік көмек мөлшері былайша есептелетін болады:
— әр баланың, оның ішінде білім алушының күндізгі оқу нысаны бойынша кәмелетке толған соң-аяқтаған уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа дейін) атаулы әлеуметтік көмектің ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70% (20789 теңге) төмен емес мөлшерін құрайтын болады;
— отбасының кәмелетке толған әрбір мүшесіне атаулы әлеуметтік көмек мөлшері жан басына шаққандағы орташа табыс пен кедейлік шегінің арасындағы айырма түрінде есептеледі.
2019 жылғы 1 сәуірден бастап отбасының құрамына тек жақын туыстар есепке алынады: ата-аналар (ата-ана), балалар, бала асырап алушылар, асырап алынған бала, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек
бауырлары мен апа-қарындастары, ата, әже, немерелер.
Мыналар отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде жеке тұлғаның табысы ретінде қарастырылмайды:
1) атаулы әлеуметтік көмек;
2) тұрғын үй көмегі;
3) жерлеуге арналған біржолғы жәрдемақы;
4) он алты жасқа дейінгі мүгедек балаларға мүгедектігі бойынша арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар;
5) бірінші, екінші, үшінші топтардағы он алты жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларға мүгедектігі бойынша арнаулы мемлекеттік жәрдемақы;
6) «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көп балалы аналарға тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы;
7) бала тууға байланысты берілетін біржолғы мемлекеттік жәрдемақылар;
8) қаржыландыру көзіне қарамастан, оқушыларға, студенттерге оқу орындарының басқа да тыңдаушыларына төленетiн стипендия;
9) қайырымдылық көмек;
10) жетім баланы және (немесе) ата-ананың қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алумен байланысты біржолғы ақшалай төлемдер және т.б. төлем түрлері есептелінбейді.

А.Омар,
Меркі ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары

Comments are closed.