«Қорқынышты жеңу» тақырыбында семинар-тренинг өтті.
«Қорқынышты жеңу» тақырыбында семинар-тренинг
Ағымдағы жылдың сәуір айының 18 жұлдызында «Меркі ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің психологі Н.Әлмаханбеттің ұйымдастыруымен Т.Рысқұлов атындағы №20 орта мектепте «Қорқынышты жеңу» атты тақырыпта 11 сынып оқушылары арасында семинар-тренинг ұйымдастырылды. Семинар барысында «Лабиринт» тренингі ойнатылды. Әрбір жасқа аффирмациялық қағаздар таратылды. Семинар соңында оқушылар «Алма ағашы» тілектер тақтасына жылы лебіздерін білдірді.