Өнерім-өмірім
Аудандық Мәдениет үйінде №1 Құрманбек Жандарбеков атындағы балалар музыка мектебінің «Өнерім-өмірім» атты мерекелік концерті өтті.
Концерттік бағдарламаның шымылдығын ашқан, жуырда ғана өткен облыстық 52-ші «Жас сазгер» байқауының ІІ-орын жүлдегерлері, «Меркі өрендері» ұлт-аспаптар оркестрі,көркемдік жетекшісі С. Сабырбекова, күйсандықта сүйемелдеген Тоғжан Азат, А. Жайымовтың «Шалқыма» және Е.Доганың «Вальс» шығармаларын орындап, көрермендерді өздерінің өнерлерімен ә дегеннен-ақ баурап алды.
Концерт бағдарламасын жүргізушілер Данияр мен Мөлдір де музыка мектебінің 58 жылдық тарихынан хабар беріп,осынау жылдарда қарашаңырақ өнер мектебінен қаншама талантты ұл-қыздарымыздың өнер өлкесіне қанат қағып,үлкен сахналардан көрініп жүргендерін әдемі сөздерімен,шырайлы шумақтармен көрерменге жеткізе білді. «Жас жұлдыз» республикалық балалар өнер байқауының бас жүлдегері Ислам Эргашевтың орындауындағы «Ой,жайлау» әні мен фортепиана бөлімінің оқушыларынан құралған хор ұсынған «Город детство»,2018 жылғы «Ғұмырдария» байқауының ІІ-орын жүлдегері Русалина Сулиеваның орындағанК Дүйсеккевтің «Ноктюрн» шығармаларын көпшілік жылы қабылдады.
Сондай-ақ, осы мерекелік кешке арнайы келген мектеп түлектері Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық Консерваториясының 2 курс білімгері Қуаныш Тұрсынбек керемет күй шертсе, Түркияның Анталия қаласында өткен «ИАФ» халықаралық байқаудың ІІ-орын иегері, Алматы қаласындағы Жүсіпбек Елебеков атындағы эстрада және цирк колледжінің І курс грант иегері Айбол Алпысбай әсем ән орындап, ал Нұр-Сұлтан қаласынан арнайы осы кездесу кешіне келген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік «Айбын» Президенттік полкінің әскери оркестрінің мүшесі және қызметкері Шәймерден Әбубәкір К. Ахмедияровтың «Нұрғиса» күйін күмбірлетті.Ал, осы мектептен музыка әлемінің әліппесін ашып, бүгінде танымал актриса болып жүрген Мадина Оспан мен педагогика ғылымының магистрі, КИД ЮНЕСКО кеңесінің мүшесі, белгілі әнші Наурыз Құлданов өздерінің жүрекжарды лебіздерін, ұстаздарына деген алғыстарын видиотаспа арқылы жіберіпті.
Концерттік бағдарламаны музыка мектебінің талантты өрендері жалғастырып, өздерінің керемет өнерлерімен көрермендерді тәнті етті. Олар-«Тараз жұлдыздары» байқауының 2 орын жүлдегері Ақзер Молдакерім» Джа-Джаз» әнімен, Ольга Кисельманның жетекшілігімен баян-аккардеоншылардың шығармасы,қобыз сыныбының ұстазы А.Бердімұратованың «Қара кемер»күйін тамылжыта орындауы, акапелланың «Күә бол», «Меркі сазы» домбырашылар ансамблінің орындауындағы «Испан биі»,күйтартыс,бүкіл көрермен залын күмбірлеткен,60 оқушы қатысқан «Балбырауын» күйі ешкімді бейжай қалдырмады.Жаннұр Еренсіздің орындауындағы «Қазақ елі осындай» әні, вокал бөліміндегі 30 оқушыдан құралған хордың «Мәңгілік ел» және басқа да шығармалар шын мәнінде Нұржан Жұмалиев басқарып отырған №1 Қ.Жандарбеков атындағы саз мектебі ұстаздарының қажырлы еңбегінің жемісі.
Көрермендерге керемет көңіл-күй сыйлаған концерт от-шашумен аяқталып, кештің құрметті қонақтары аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қ.Иманалиев, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы,»Меркі Ақиқат»газетінің редакторы С.Құралбай ,ата-аналар өздерінің ақ баталары мен ізгі тіліектерін білдірді.
Мейіркүл Әбжанова,»Меркі Ақиқат»