Жоғары бағаланды
Жуырда Бурабай қаласында «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығында «Солтүстік Қазақстан, Алматы және Жамбыл облысы білім беру мекемелерінде патриоттық тәрбие беру жұмысы бойынша педагогикалық тәжірибе диссеминациясы «Академия күні» болып, №39 Т.Қожакеев атындағы ЖББМГ-ден ағылшын тілі мұғалімі, «Қожакеевтанушылар» клубының жетекшісі Гүлнұр Отарбаева оқушылырға патриоттық тәрбие берудегі клуб жұмысының рөлі туралы баяндама жасап, тәжірибесімен бөлісті. Қатысушылар тарапынан баяндама жоғары бағаланып, оқушысы Айтбекова Маржан республикалық «Жас патриот» қатарына қабылданып ,дайындап барған жобасы үздік деп танылды.
М.Әбжанова