Мемлекеттік қызмет сапасына қатысты шағымды Telegram арқылы жолдауға болады

0
5

Мемлекеттік қызмет алу барысында азаматтардың құқықтары бұзылса немесе көрсетілетін қызметтің сапасына қатысты мәселе туындаса, шағымды Telegram мессенджері арқылы жолдауға болады, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Ол үшін Telegram-дағы «Egovkzbot2.0» сервисін пайдалануға мүмкіндік бар. Бұл арна арқылы мемлекеттік қызмет көрсету барысында туындаған мәселелер туралы ақпарат беріп, тиісті шағымды жолдауға болады.

Азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру – маңызды бағыттардың бірі.

Мемлекеттік қызмет алу кезінде қиындық туындаған жағдайда азаматтар өз құқықтарын қорғау тетіктерін пайдаланып, мәселе туралы тиісті органдарға хабарлай алады.

Comments are closed.