«Құқықтық сауаттылық – заман талабы» аудандық жастар форумы өтті

0
6

Ағымдағы жылдың 17 қыркүйегінде жасөспірімдер мен жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқықтық мәдениетін қалыптастыру және заң талаптарын құрметтеуге баулу мақсатында «Құқықтық сауаттылық – заман талабы» тақырыбында аудандық жастар форумы өтті.

Форумға Меркі ауданының әкімі Ербол Жұмабекұлы Жиенқұлов, аудан прокуроры Думан Алдабергенұлы Алдабергенов, полиция бөлімінің бастығы Олжас Төлегенұлы Омарбеков, Жамбыл облысы әкімдігінің Балалардың құқықтарын қорғау басқармасының басшысы Эльмира Иниятқызы Мырза-Ғали қатысты.

Сонымен қатар, шараға ауданның мүдделі мемлекеттік органдарының өкілдері, мектеп директорлары, мектеп президенттері мен Парламент мүшелері, бала құқықтары жөніндегі уәкілдер, жас прокурорлар мен жас сақшылар қатысты.

Форум барысында жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, бала құқықтарын қорғау, құқық бұзушылықтың алдын алу, жеке қауіпсіздік және заң талаптарын сақтау мәселелері талқыланып, жас ұрпақтың қоғамдағы жауапкершілігіне ерекше назар аударылды.

Бүгінде ауданымызда жас ұрпаққа Конституцияның құндылықтарын түсіндіру, «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Заң және тәртіп», «Таза Қазақстан» қағидаттарын қалыптастыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

⚖️ Заңды білу – өз құқығыңды қорғаудың негізі.
Заңды құрметтеу – әр азаматтың жауапкершілігі.

Жастардың құқықтық сауатын арттыру – қауіпсіз әрі жауапты қоғам қалыптастырудың маңызды тетігі. Осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табады.

Comments are closed.