ЖАМБЫЛ АУЫЛЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖОБАЛАРДЫҢ БАРЫСЫ ЗЕРДЕЛЕНДІ

Бүгін аудан әкімінің орынбасары Ғазиз Байарыстан Жамбыл ауылдық округін аралап, елді мекендегі бірқатар әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобалардың іске асырылу барысымен танысты.
Алдымен Жамбыл ауылындағы елді мекен аумағындағы бос жатқан жерлердің қазіргі жағдайын зерделеп, оларды тиімді пайдалану мәселесіне назар аударды. Аталған жерлерді елді мекеннің әлеуметтік-экономикалық дамуына тиімді пайдалану мақсатында нақты жобалар әзірлеп, тиісті ұсыныстар енгізуді ауыл әкіміне тапсырды.
Сондай-ақ тұрғындардың өтініші негізінде ауылдағы жаңғыртудан өтіп жатқан ауыз су жүйесінің жұмыс барысымен танысты. Мердігер ұйымға құрылыс-монтаж жұмыстарын сапалы әрі белгіленген мерзімде орындауды, сондай-ақ жұмыстар аяқталғаннан кейін бүлінген көше учаскелерін талапқа сай қалпына келтіруді тапсырды.
Бұдан бөлек, Жамбыл ауылының кіреберіс бөлігін абаттандыруға қатысты ауыл әкімінің жоспарлары қаралды. Аудан әкімінің орынбасары абаттандыру жұмыстары елді мекеннің сыртқы келбетін жақсартумен қатар, тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыруға бағытталуы керектігін атап өтті.

















