ТАМЫЗ КЕҢЕСІ: ЖЕТІСТІКТЕР САРАЛАНЫП, МІНДЕТТЕР АЙҚЫНДАЛДЫ

0
9

Ауданда «Білім саласы мен адами капитал: жаңа оқу жылындағы басымдықтар» тақырыбында тамыз конференциясы өтті. Жиынға аудан әкімі Ербол Жиенқұлов, аудандық білім бөлімі басшысы Зауре Абдирасилова, білім беру ұйымдарының басшылары, ардагер ұстаздар мен педагогтер қатысты.

Конференцияның мақсаты – өткен оқу жылын қорытындылау, білім саласындағы өзекті мәселелерді талқылау, жаңа оқу жылындағы басым бағыттарды айқындау және білім сапасын арттыру.

Жиын алдында мәдениет үйінің фойесінде жасанды интеллект көрмесі ұйымдастырылып, білім беру үдерісінде заманауи цифрлық технологияларды қолдану мүмкіндіктері таныстырылды.

Конференция барысында ауданның білім беру саласында атқарылған жұмыстар туралы бейнеролик көрсетіліп, білім бөлімі басшысы Зауре Абдирасилованың баяндама жасады.
Аудан әкімі Ербол Жиенқұлов ұстаздар қауымын Тамыз кеңесімен құттықтап, жаңа оқу жылына сәттілік тіледі. Аудан әкімі білім беру саласындағы аудан педагогтерінің еңбегін жоғары бағалап, ұстаздар мен олардың шәкірттеріне жаңа оқу жылында жоғары жетістіктерге жете беруіне тілектестік білдірді.

Тамыз кеңесінде ауданның білім саласының дамуына үлес қосқан 27 үздік ұйым мен 30 педагог марапатталды.

Іс-шара мәдени бағдарламамен жалғасып, ұстаздар мен оқушылардың музыкалық және сахналық қойылымдары ұсынылды.

Тамыз конференциясы жаңа оқу жылындағы міндеттерді айқындап, педагогтердің кәсіби әлеуетін арттыру мен ауданның білім беру жүйесін дамытуға бағыт берді.

Comments are closed.