ТАЗА ҚАЗАҚСТАН АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА МЕРКІ ТАУ ШАТҚАЛЫНДА СЕНБІЛІК ӨТТІ

0
20

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Меркі тау шатқалында кезекті сенбілік ұйымдастырылды.

Сенбілікке аудан әкімдігінің қызметкерлері мен мемлекеттік мекеме ұжымдары белсенді қатысып, табиғи аумақты қоқыстан тазарту және абаттандыру жұмыстарын жүргізді.

Сенбілік барысында шатқал аумағындағы тұрмыстық қалдықтар жиналып, жол жиектері тазартылып, айнала ретке келтірілді. Табиғи ортаның тазалығы мен көркін сақтау жұмыстарына ерекше көңіл бөлінді.

«Таза Қазақстан» акциясы аясындағы мұндай экологиялық шаралар алдағы уақытта да жалғасын тауып, ауданның табиғи және қоғамдық аумақтарында тұрақты түрде ұйымдастырылатын болады.

Comments are closed.