Аудандық мәдениет үйінде “Айналайын” атты жас бүлдіршіндердің топтық ән және би байқауы өтті

⚜️Шараның басты мақсаты — балалардың шығармашылық қабілетін дамыту, өнерге деген қызығушылығын арттыру, сондай-ақ жас таланттарға қолдау көрсету. Байқауға ауданның әр аймағынан келген бүлдіршіндер қатысып, өз өнерлерін ортаға салды.
⚜️Сахна төрінде әсем әндер шырқалып, мың бұралған бишілер көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Қатысушылар ұлттық нақыштағы және заманауи бағыттағы өнерлерін көрсетіп, сахна мәдениеті мен орындаушылық шеберліктерін танытты.
⚜️Байқау барысында бүлдіршіндердің өнері әділқазылар алқасы тарапынан бағаланып, үздік өнер көрсеткен топтар марапатталды. Әрбір қатысушыға алғыс білдіріліп, олардың алдағы шығармашылық жолына сәттілік тілектер айтылды.
⚜️“Айналайын” байқауы жас өнерпаздардың талабын шыңдап, олардың үлкен сахнаға алғашқы қадам жасауына мүмкіндік берді. Мұндай мәдени іс-шаралар балалардың бойындағы дарынды ашып, өнерге қанат қағуына зор ықпал етеді.
















