«Меркі тарихы» – тарихи-танымдық экскурсия

📍 Меркі ауданының тарихын танып-білу, туған өлкенің тарихи-мәдени мұраларына деген құрметті арттыру мақсатында волонтер жастар арасында тарихи-танымдық экскурсия өтті.
📝 Экскурсия барысында волонтер жастар орталық саябақтағы «Анаға тағзым» және соғыс ардагерлеріне арналған ескерткіштермен танысып, олардың тарихи маңызы мен тағылымы туралы ақпарат алды. Жастарға ел тарихындағы маңызды кезеңдер, сұрапыл соғыс жылдарында Отан қорғаған майдангерлердің ерлігі, бейбіт өмірдің қадірі кеңінен түсіндірілді.
🌿 Сонымен қатар қатысушылар туған жердің тарихын зерделеп, тарихи орындардың жас ұрпаққа берер тәрбиелік мәні жөнінде ой бөлісті. Экскурсия барысында жастарға өлке тарихын білу – өткенді құрметтеп, болашақты бағалаудың негізі екені айтылды.
🇰🇿 Тарихи орындарға тағзым ету арқылы жастардың бойында елжандылық, отансүйгіштік және туған жерге деген жауапкершілік сезімдерін қалыптастыруға ерекше мән берілді.
💙 Туған жердің тарихын таныған жас – елінің болашағына бейжай қарамайды!
















