Мойынқұм ауданындағы Мирный ауылында жүзеге асырылып жатқан құны 765 миллиард теңгені құрайтын «Total Energies» жел электр станциясы жобасы аясында жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтуға басымдық берілмек, деп хабарлайды

Жоба бойынша құрылыс кезеңінде шамамен 2000 жаңа жұмыс орны ашылады. Оның 70 пайызы немесе 1400-ге жуық жұмыс орны Мойынқұм ауданының тұрғындарына ұсынылады деп жоспарланған.














