Шу ауданында суармалы егістік көлемінің ұлғаюы мен жаңа өндіріс орындарының ашылуы аясында Мойынқұм ауданына келетін су көлеміне қатысты мәселе көтерілді, деп хабарлайды

Жауапты мамандардың айтуынша, ауданға келетін су көлемі ең алдымен Қырғызстан аумағынан бастау алатын су ресурстарына байланысты. Таудан келген су алдымен Киров су қоймасына жиналып, кейін өңірлерге бөлінеді. Сонымен қатар Төле би аумағында да су жинақтайтын нысандар жұмыс істейді.













