Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінде жаңа спорт кешенінің салтанатты ашылуы өтті

Жаңа нысан студенттердің салауатты өмір салтын қалыптастыруға, бұқаралық және кәсіби спортты дамытуға бағытталған маңызды жоба болды.
Ашылу рәсіміне Қазақстанның Еңбек Ері, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Мұқаш Ескендіров, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Республикалық «Ауыл» партиясының төрағасы, Аграрлық комитет төрағасы Серік Егізбаев, Мәжіліс депутаты әрі университет құрылтайшысы Ерболат Саурықов және университет ректоры Махметғали Сарыбеков қатысты.














