Құрметті ауылдастар, ардақты отбасылар!

0
6

Сіздерді Халықаралық отбасы күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Отбасы – адам өмірінің алтын бесігі, мейірім мен махаббаттың, сыйластық пен берекенің бастауы. Әр шаңырақтың шаттығы – елдің бақыты, ұлттың болашағы.

Бір дастарқан басында айтылған ақ тілек, ата-ананың тәрбиесі, үлкеннің батасы мен кішінің күлкісі – өмірдің ең қымбат байлығы. Осындай құндылықтарды дәріптеп отырған әрбір жанұяға алғысымыз шексіз.

Әр шаңырақтан қуаныш кетпесін, оттарыңыз мәңгі сөнбесін!

Ынтымағы жарасқан отбасының ырысы тасып, ұрпағы өнегелі, мерейі үстем болсын.

Әкелер аман, аналар ардақты, балалар бақытты болсын!

Берекелі отбасы – баянды болашақтың кепілі.

Баршаңызға мықты денсаулық, татулық, баянды бақыт пен молшылық тілеймін!

 

Халықаралық отбасы күні құтты болсын!

Comments are closed.