Жаңа Конституция Қазақстанның ынтымақтастығын арттыра беретінін сенемін

Қазақстан мен Түркия – бауырластық байланысы бекем, болашағы бір серіктес елдер
Қазақстан мен Түркия арасындағы кеңейтілген стратегиялық серіктестік бүгінде жаңа деңгейге көтеріліп, барлық салада өз нәтижесін көрсетіп келеді. Екі ел арасындағы достық пен бауырластық байланыс – тек дипломатиялық қарым-қатынас қана емес, ортақ тарих пен рухани құндылықтарға негізделген берік ынтымақтастықтың үлгісі.
Бүгінде экономика, білім, мәдениет, туризм, кәсіпкерлік, технология, ауыл шаруашылығы секілді көптеген бағыттарда өзара байланыс нығайып, тың жобалар жүзеге асуда. Бұл – елдер арасындағы сенім мен татулықтың айқын көрінісі.
Түркі жұртының ынтымағы артып, бірлігі бекемделген сайын жас ұрпаққа да үлкен мүмкіндік пен жарқын болашақ жолы ашылады.
«Бірлігі бекем елдің – тірлігі көркем» дегендей, Қазақстан мен Түркия арасындағы стратегиялық серіктестік бауырлас халықтардың дамуына серпін беріп, рухани байланысын одан әрі күшейте беретініне сенім мол.
Алысымызды жақын еткен ағайындық байланысымыз нығая берсін!
Қойшиева Салтанат, Кеңес ауылының тұрғыны














