ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросы 2025 жылғы Ұлттық ауыл шаруашылығы санағының қорытындыларын жариялады

Деректер stat.gov.kz сайтында «2025 жылғы Ұлттық ауыл шаруашылығы санағы» бөлімінде орналастырылған.
Екінші ұлттық ауыл шаруашылығы санағы Біріккен Ұлттар Ұйымының азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (БҰҰ ФАО) қолдауымен 2025 жылғы 1 тамыз бен 20 қазан аралығында өтті. Ол шамамен 20 жыл ішінде осындай көлемдегі ауыл шаруашылығы саласына жүргізілген алғашқы зерттеу болды және 2006-2007 жылдардағы алдыңғы санақ кезіндегі өзгерістерді бағалауға мүмкіндік берді.
Жамбыл облысы бойынша санақпен 33 мың ауыл шаруашылығы құралымы мен 120,3 мың жеке қосалқы шаруашылық қамтылды. Ауыл шаруашылығы құралымдарын қамту – 96,2 пайызды, жеке қосалқы шаруашылықтарды қамту – 97,7 пайызды құрады.
Деректерді жинау цифрлық технологияларды қолдану арқылы жүргізілді. Онлайн-санақтан ауыл шаруашылығы құралымдарының 98 пайызы және жеке қосалқы шаруашылықтардың 29 пайызы өтті.


















