БАЛА ТӘРБИЕСІ – ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕ

0
36

«Тәрбиесіз берілген білім, адамзаттың қас жауы» демекші, жас буынға сапалы білім беруде тәрбие мәселесі де назардан тыс қалмауға тиіс.

Осыған орай, Меркі аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Бала тәрбиесі – ортақ мүдде» тақырыбында аудандық ата-аналар форумы өтті.
Семинарға аудандық полиция бөлімі, прокуратура қызметкерлері және ардагерлер мен ата-атаналар кеңесінің мүшелері қатысты.
Бала тәрбиесіне жауапты тараптар бас қосқан семинарда қоғамдағы кәмелетке толмағандар арасындағы бөліп қарауға болмайтын ортақ мәселелер талқыланды. Бұл ретте тәрбие мен білім беруде мектеп ұжымы мен ата-аналарға жүктелген жауапкершілік, оқушылардың сапалы білім алуы мен бос уақыттарын тиімді пайдалануы тұрғысында басымдықтарға назар аударылды.
Аудандық білім бөлімі басшысы Айгерім Алтынбаеваның айтуынша қазіргі уақытта аудандағы 30 жалпы білім беретін мектеп пен 6 қосымша білім беру мекемесінде оқушылардың бос уақыттарын үнемдеуге арналған спорттық және өнер үйірмелері жұмыс істейді. Жалпы аудандағы 17135 оқушының 76 пайызы осындай үйірмелермен қамтылған.

Сондай-ақ, білім беру мекемелері тарапынан баланың ұялы телефонға шексіз байланып, уақытын жоғалту мәселелерін шешу мақсатында тәрбиелік мәндегі іс-шаралар тұрақты түрде өткізілуде.
Форумның күн тәртібінде балаларды буллингтен қорғау, олардың түнгі уақытта қараусыз жүруі, зиянды нәрселерге әуестігі мәселелері де қаралды. Осындай мақсатта биылғы оқу жылында аудандық білім бөлімі және полиция бөлімі қызметкерлерімен 80, ал мектеп қызметкерлерімен 350 рейдттік іс-шара өткізілген.
Форум барысында психологиялық релаксация және «Ата-ана махаббаты» тақырыптарында тренинг өткізіліп, кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған бейнероликтер көпшілік назарына ұсынылды.

Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі

Comments are closed.