АУДАН АУМАҒЫНДА «УЧАСКЕ» ЖЕДЕЛ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТУДЕ

0
18

Меркі ауданында 1 қазаннан бастап, «УЧАСКЕ» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Аудан аумағында іс-шара аясында аудандық полиция бөлімі, пробация қызметі және Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен түнгі рейд өткізілді.
Жедел профилактикалық іс-шараның мақсаты – әртүрлі құқық бұзушылықтар мен заңсыз көші-қонның алдын алу, жолын кесу, сондай-ақ шетелдіктердің Қазақстан Рес-
публикасында болу тәртібі қағидаларын бұзушылықтарды анықтау жөніндегі шараларды күшейту болып табылады.
Жедел профилактикалық іс-шара барысында учаскелік полиция, аудандық пробация қызметі және Жастар ресурстық орталығының инспекторлары тұрғындармен танысу, сондай-ақ, әртүрлі құқық бұзушылықтарға жол берген тұлғаларды анықтау мақсатында аулаларды аралап тексерді. Ішкі істер органдарының профилактикалық есебінде тұрған тұлғалар да жіті тексеріліп, олармен профилактикалық жұмыстар жүргізілді.
Сонымен қатар, кәмелетке толмағандардың түнгі мезгілде жүруінің алдын алу үшін кафелер, тойханалар және ойын сауық орындарына рейд жүргізілді.
Алдағы уақытта профилактикалық іс-шара барысында жалға берілетін пәтерлер, азаматтық қару иелері, базарлар мен өзге сауда жасау орындары, қоғамға қарсы әрекеттердің алдын алу мен қадағалаусыз қалу фактілерін жою мақсатында жастар және кәмелетке толмағандар көп шоғырланатын жерлер де тексерілетін болады.
Сондай-ақ, саяжайлар, құрылыс объектілері, оның ішінде тоқтатылған және тас-
талған объектілер, шатырлар, жертөлелер, канализациялық құдықтар мен өзге де орындарға тексеру жүргізіледі.
Ауылдық жерлерде учаскелік полиция инспекторлары қыстақтар мен шаруа қожалықтарын тексеріп, тұрғылықты мекен-жайлары жоқ адамдарды, заңсыз жұмыс күшін пайдалану, шетелдік азаматтардың көші-қон ережесін бұзу, тіркелмеген қарулар мен тыйым салынған заттарды сақтау фактілерін анықтау бойынша жұмыстар жүргізеді.
Осы орайда, мұндай іс-шаралардың өткізілуі – құқық бұзушылықтардың алдын алып және оның жолын кесіп қана қоймайды, сондай-ақ, ішкі істер органдарының халық арасындағы имиджі мен беделін арттырып, азаматтармен сенімді қарым-қатынас орнатуға септігін тигізеді.
Тұрғындар арасында туындаған мәселелерді шешу үшін учаскелік полиция инс-
пекторлары жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып халықпен кездесулер ұйымдастырады.
«УЧАСКЕ» профилактикалық жедел іс-шаралары ағымдағы жылдың 1 қарашасына дейін жалғасатын болады.

Айдос МАЙНАУСОВ,
Меркі аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызмет бөлімшесінің бастығы, полиция майоры

Comments are closed.

Другие новости