САЙЛАУҒА ДАЙЫНДЫҚ ТЫҢҒЫЛЫҚТЫ

0
18

2022 жылдың 20 қарашасына тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы ҚР ОСК №65/538 қаулысымен бекітілген ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес жүргізілуде.

Осы орайда аудандық орталық сайлау комиссиясының төрағасы Шорман Абылқасымов пен Меркі ауылдық округінің әкімінің орынбасары Алмас Ерғазыұлы осы округте орналасқан барлық сайлау учаскелерінің дайындығын тексерді.
Атап айтсақ, №17 Трубицын атындағы мектеп ғимаратында орналасқан сайлау учаскесі, «Балдәурен» балабақшасындағы орналасқан орталық, «Меркі шипажайы» және аудандық мәдениет үйінде орналасқан сайлау учаскелерінің дайындығын тексерді.
Жалпы аудандағы сайлау учаскелерінің саны – 41. Сайлау учаскелері мектептерде -28, мәдениет үйлерінде – 6, балабақшада – 4, өзге мекемелерде –3 (санаторий Мерке, ТОО «Севиль», «Нафиса» шаруа қожалығының «Байтерек» жеке ғимаратында).
Сайлау комиссияларының құрамы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 17 бабының 1 тармақшасына сәйкес сайлау учаскелеріндегі сайлаушылар санына байланысты жасақталған. Барлық комиссия мүшелерінің саны – 278. Оның ішінде жетеуі аудандық, 271-і учаскелік комиссия мүшелері.
Жеке тұлғалар туралы мемлекеттік дерекқор негізінде 54177 сайлаушы анықталды.
Аудандағы сайлау учаскелері ҚР ОСК 2012 жылғы 23 қазандағы №21/183 қаулысымен бекітілген «Сайлау учаскесінде дауыс беруге арналған үй жайды, дауыс беру пунктін жарықтандыру туралы» нұсқаулыққа сәйкес тиісті жабдықтармен жабдықтау барысында жұмыстар жүргізілуде.
Мүмкіндігі шектеулі сайлаушылар санына талдау жұмыстары аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен бірлесе отырып тұрақты түрде жүргізіліп отырады. Мүмкіндігі шектеулі азаматтар болып табылатын сайлаушылардың кедергісіз кіруі және онда дауыс беруі үшін қолайлы жағдайлар қамтамасыз етілген.

Ләззат Серікбай,
«Меркі Ақиқат»

Comments are closed.