Семинар-кеңес өтті

0
84

2022 жылғы 14 қазанда Жамбыл облыстық сайлау комиссиясы «2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында» сайлау комиссияларының мүшелерін және сайлау процесіне басқа да қатысушыларды оқытуды ұйымдастыру және сайлау алдындағы үгітті жүргізудің негізгі аспектілері туралы семинар-кеңес өткізді.

2022 жылғы 14 қазанда Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен 2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына дайындық мәселелері бойынша семинар-кеңес өтті.
Семинар-кеңеске аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары және облыстық сайлау комиссиясының мүшелері қатысты.
Семинар-кеңесте келесі мәселелер қаралды:

  1. «2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында сайлау комиссияларының мүшелерін және сайлау процесіне басқа да қатысушыларды оқытуды ұйымдастыру туралы»;
  2. «Сайлау алдындағы үгітті жүргізудің негізгі аспектілері туралы»;
  3. «2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауында ҚР Президенттігіне кандидаттардың қолдап қойылған қолдардың растығын тексеру барысы туралы»;
  4. «2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауында сайлаушылар тізімдерімен жұмысты ұйымдастыру туралы».
    Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша:
    Облыстық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Сара Қабылбекқызы Мәдиева «2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауында сайлау комиссияларының мүшелерін және сайлау процесіне басқа да қатысушыларды оқытуды ұйымдастыру және сайлау алдындағы үгітті жүргізудің негізгі аспектілері туралы баяндама жасады. С.Мадиева өз баяндамасында еліміздің сайлау жүйесін жетілдіру үшін кез келген деңгейдегі сайлау комиссиясының әрбір мүшесінің кәсібилігі мен құзыретінің деңгейін әрдайым арттыру қажет екенін айтты. Барлық деңгейдегі сайлау комиссиялары кадрларының жаңа құрамдарын даярлауда тыңғылықты бақылауда болуы тиіс. Кеңес қатысушыларына «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңға сәйкес сайлау жүйесінің органдары сайлау процесіне қатысушыларды оқытуды ұйымдастыратындығын және өткізетіндігіне түсіндірме берді. Республикалық бюджеттен, сондай-ақ жергілікті бюджет қаражаты есебінен электораттық оқытуды ашық қаржыландыру шарттары үшін «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңда (27 және 31-баптар) және Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде (54 және 55-баптар) құқықтық база көзделген. Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы науқанында осы нормаларды іске асыру үшін Орталық сайлау комиссиясының сайлау процесіне қатысушыларды электораттық оқытудың алгоритміне сай, барлық комиссия мүшелері қашықтан оқытудан өтіп, тест тапсыратындығын ескертті.
    Сонымен қатар, сайлау жүйесі кадрларын электораттық оқыту мен даярлық деңгейі ұлттық және халықаралық байқаушылар тарапынан байқаудың жеке объектісі болып табылатынын ерекше атап өтті.

Comments are closed.