«Меркі шипажайында» пантамен емдеу орталығы ашылды

0
74

65 жылдық тарихи бар «Меркі шипажайы» республикамыздың барлық аумағынан келушілерді қабылдап, сапалы еммен қамтамасыз етуде. Мұнда Батыс Қазақстан мен солтүстіктен келетін азаматтардың саны күн санап артуда. Емнің түр-түрін жасайтын емдеу ордасында радон суы кеңінен пайдаланылады. Радон – тынышталдыратын, ауырсынуды басатын, артериялық қысымды қалыпқа келтіретін, метаболизмді белсендіретін, бұлшық ет, жүйке және сүйек тіндерін қалпына келтіретін, ұйқыны жақсартатын, аллергиялық реакцияларды және кейбір тері ауруларын емдейтін, қабынуға қарсы процестердің ағымын жақсартатын, т.б көптеген қасиеттерге ие. Мұнда радон суы ванна, душ, ішке қабылдау тәсілдерімен қолданылады.
Республикаға ғана емес бүкіл БҰҰ елдеріне танымал болған «Меркі Радонда» жақын күндері пантамен емдеу кабинеті ашылды. Облыс аумағында алғаш ашылған орталық Көкшетау қаласындағы марал шаруашылығымен айналысатын «Бурабай Даму» ЖШС-мен келісім-шартқа тұрып, ол жақтан панта сорпасы мен марал қанынан жасалған қоспаны алып ем жасауда. Шипажайдың Бас дәрігері Тасжүрекова Алия Шабанқызы пантамен емдеудің ерекшеліктері туралы баяндап берді.
– Пантамен емдеу – ерте қартаюдың алдын алу, иммундық жүйені нығайту, күйзелісті жою және жүйке жүйесін қалпына келтіру, ағзадан улы заттарды шығару, сондай-ақ құяң – тұз жиналу, қан тамырларының бітелуі, қозғалыс қиындығы және жыныстық әлсіздік, жүрек ауруына қарсы күресте тиімділігі жоғары табиғи құралмен емдеу әдісі болып табылады.
Панта – жас марал мүйізінің жұмсақ затынан алынған жоғары биологиялық белсенді табиғи өнім, 2000 жылдан бері әлемге танымал және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде халық медицинасында қолданылады. Пантаның пайдалы қасиеттері өте көп. Ол ұйқыны қалыпқа келтіреді, ойлау қабілетін және ауыр науқастанудан кейін, сондай-ақ қатты арықтау кезінде еңбекке қабілеттілікті жоғарылатады, қартаюды баяу-
латады, қан тамырларының бітелуі, жүрекке қан келмеу ауруы, шеткі қан айналымының бұзылуы, омыртқа жіктерінің жылжуы, буын аурулары кезінде жалпы жағдайды жақсартады, ауруларға және салқын тию ауруларына қарсы тұрушылықты белсендіреді, жыныстық қызметті жақсартады (белсіздік, қуық алды безінің қабынуы), жүйкенің тозуына бейім аурулардың жағдайын жақсартады (жүйкенің жұқаруы, жара ауруы), тірек-қимыл жүйесінің қызметін және күш-қуатты тез қалпына келтіреді, теріні ұзақ уақытқа жасартады, адамның тұлғалық түріне және бастапқы жағдайына қарамастан жан-жақты әсер етеді.
Панталы бастырмалар емі шипажайда кеңінен қолданылуда. Бұл панталы ерітіндіге батырылған жылы мата компресі. Бастырма ауыратын буындарға, зақымдалған жерлерге және дененің басқа да ауыратын жерлеріне бастырылады.
Сонымен қатар, панталы фитобочка –бұл сауықтыру SPA-емшарасы. Ол марал пантасы сығындысының буымен толтырылған ағаш бөшкеде, көбінесе балқарағай бөшкесінде жүргізіледі. Нәтижесінде иммунитет жоғарылап, күйзеліске қарсы тұрушылық пайда болады, еңбекке қабілеттілік жоғарылайды, зат алмасу қалпына келеді, қартаю баяулайды, жыныс жүйесінің бұзылыстары емделеді, буын аурулары жоғалады, ағза қалпына келіп, жасарады, созылмалы шаршау белгілері жойылады.
Панталы ерітіндімен шағын клизма жасау емшарасы. Ол панта қайнатпасымен емдік шағын клизма кіші жамбас мүшелерін емдеуге қолданылады.
Пантымен емдеу процедурасының мәні-пантының барлық ерекше пайдалы қасиеттері адам ағзасына тері тесіктері арқылы еніп, ағзаның қорғаныс күшін арттырып, аурудың алдын алуға көмектеседі.
Бір процедураның ұзақтығы-10-15 мин ( оны дәрігер анықтайды). Күніне процедуралар саны-1-2 (тамақ ішкенге 2 сағат бұрын және тамақ ішкен соң 2 сағаттан кейін). Ұсынылатын рәсімдер саны-7-10 рет.
Пантымен процедуралар ағзаның барлық органдары мен жүйелеріне қолайлы әсер етеді, жалпы көңіл-күйді жақсартады, жүйке кернеуін төмендетеді, иммунитетті күшейтеді, айқын ауырсынуды басатын және қабынуға қарсы әсері және жасартатын әсері бар.
Процедурадан кейін шай бөлмесінде Алтай шөбі шайының дәмін татып демалуға және демалыс аймағында уақыт өткізуге болады.
Соңғы жылдары «Меркі шипажайында» көптеген игі бастамалар іске асуда. Мәселен, бөлмелер күрделі жөндеуден өтіп, заманауи жиһаздармен жабдықталуда.
Сұранысқа сай люкс номерлер қатары көбейтілді. Сонымен қатар бұл бөлмелерден шықпай емдік шараларды алуға да мүмкіндік жасалынған.
Айта кетерлік жайт, мұнда ұжыммен, достарыңызбен үш күндік турға келуге болады. Турға емдік шаралар, концерттік бағдарламалар, төрт мезгілдік тамақ, кешкі би, көгідір от жанындағы көңілді кештер кіреді.
Сонымен қатар, кешкі мезгілде бильярд ойнап, караокеде ән айтуға да болады. Фубол және волейбол алаңшалары жасақталып, ойшылдары ойыны шахматпен де айналысуға болады.
Шипасы шар тарапқа тараған шипажайымызда жаныңыз бен тәніңізді тыныштандыратын, ем беретін, дем беретін барлық қолайлы жағдай жасалынған.
Ендеше, ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздейтін кез келді. Басты байлығымыз денсаулығымызды осы кезден баптап, тұрақты емшаралармен қалпына келтіріп отырудың маңызы зор. Бүкіл Қазақстан келіп демалып жатқан өзіміздің шипажайға барып, ем алуға, демалуға шақырамыз.

Ләззат Серікбай,
«Меркі Ақиқат»

Comments are closed.