Қоғамдық кеңестің қоғамдағы ролі
Тұрғындар алдындағы есеп беруге міндетті мемлекетті қалыптастыру мақсатында 2015 жылғы 2 қарашада «Қоғамдық кеңестер туралы» ҚР Заңы қабылданды. Осынау Заң тұрғындар алдында есеп беретін мемлекетті қалыптастыру, барлық деңгейдегі мемлекеттік органдардың шешім қабылдауына қоғамдық институттар мен азаматтардың қатысуын қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру құралдарының бірі болып табылатын жаңа қоғамдық институт – қоғамдық кеңестер ұғымы енгізілген. Биылғы ауданымыздың қоғамдық кеңес құрамында 13 мүшесі жұмыс атқаруда. Қоғамдық кеңес ауданымыздағы бюджеттік бағдарламалар жобалары мен олардың орындалуы туралы есептерді, ауданымыздың даму бағдарламалары, азаматтардың құқығы, еркіндігі мен міндеттеріне қатысты нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын талқылау секілді бірқатар өкілеттіктер жүктелген. Ақапарттық алты айдын ішінде нормативтік-құқықтық актілерге жататын 5 жоба қаралды, мемлекеттік органдар басшыларының, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің 4 есебі тыңдалды. Берілген ұсыныстар, атап айтқанда ауданымыздағы мұқтаж отбасыларға қолдау көрсету мақсатында көппәтерлі тұрғын үйлердің сапасы бойынша: пәтерлердің газ, сумен сапалы қамтамасыз ету, құрылыс барысындағы кемшіліктерді түзету (дұрыс салынбаған есіктер, канализация мәселесі, жуынатын бөлмелерде кафель т.б.),«Жұмыс орындарын құру жобаларын» тиімді ұйымдастыруға Меркі ауылының орталығында және ауылдық округтерде насихаттау жұмыстары ретінде акциялар жүргізіп, аталмыш бағдарламаға қатысушыларға сұраныс пен ұсынысты қалыптастыру жолдарын қарастыру, әлеуметтік маңызы бар азық-түліктерді арнайы әлеуметтік дүкенде сатуды ұымдастыру, «2022 жыл – балалар жылына» орай аудандық білім бөлімі тарапынан аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасыларынан шыққан балаларға арнайы іс-шаралар ұйымдыстыру, білім беру мекемелерінде қыз бала тәрбиесін баса назарға алу. Сонымен қатар, Меркі аудандық бюджеттен қаржыландырылатын, азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, Мәдениет және спорт саласындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлық ақылар мен тарифтік мөлшермелер белгілеу туралы жобалары, «Меркі ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу бойынша шешімдер ұсынылды. Қоғамдық кеңестердің қызметі арқылы қоғам мен мемлекет арасында кері байланыс тетігі қалыптастырылып, қоғамдық бақылау ұйымдастырылуда және мемлекеттік органдар қызметінің мөлдірлігі қамтамасыз етіледі Қоғамдық бақылау тұрғындардың ауылдарды басқаруына мүмкіндік береді, атап айтқанда, өзекті мәселелерді көтеруіне, қоғамдық тыңдауларға, қоғамдық мониторингтеуге қатыса отырып мәселелерді шешуге ықпал етуге және өңірлерді дамыту мен тұрғындардың мақсатты топтарының мәселелерін шешу үшін мемлекеттік органдар қабылдайтын шешімдерге сараптама жүргізу ісіне араласуына мүмкіндік береді. Есеп беру кезендер, тыңдаулар, қоғамдық қабылдаулардан ел азаматтарының өңір келешегіне, өзінің және айналасының тағдырына бей-жай қарамауы қуантады.Түрлі көзқарас, бірақ біртұтас ұлт. Сондықтан біз де адамдардың түрлі көзқарасына қарамастан, қоғамның кез келген өкілімен ашық диалог орнатуға әр кез әзірміз.Аудандық қоғамдық кеңес алдағы уақытта да өз қызметін тәуелсіздік, дербестік және жариялық қағидаттары негізінде жүзеге асыра бермек.
Н.Койшиманова,
Меркі аудандық қоғамдық кеңес төрайымы