Жастар — жемқорлықсыз болашақты таңдайды!

0
30

Кез-келген өркениетті қоғам үшін- сыбайлас жемқорлықпен күресу өзекті мәселелердің бірі. Жемқорлықпен күресу жолында қағидаттарды ең алдымен өзімізден бастауымыз қажет, сонда ғана біздің тұғырлы мемлекетіміздің болашағы- парасатты әрі әділ болмақ.
Осы тұста Аудандық «MERKI ADALDYQ ALANY» жобалық кеңсе менеджері- Шынарбек Айғаным Өміржанқызының қатысуымен «Жастар-жемқорлықсыз болашақты таңдайды» тақырыбында аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің қызметкерлері арасында кездесу өткізілді.
Айғаным Өміржанқызы «MERKI ADALDYQ ALANY» жобалық кеңсесінің жұмыс жоспарына тоқтала өтіп, алдағы уақытта мақсат-міндеттерін баяндады. Сондай-ақ аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің қызметкерлері ұсыныс-пікірлерін білдіріп, жемқорлықпен күресу жолында бірлесе жұмыс атқару қажет екені айтылды.
Өскелең ұрпақ сыбайлас жемқорлықтан аулақ болу үшін мектеп қабырғасынан бастап тәрбиені осы бағытта беру маңызды! Бүлдіршін балабақшаға барар кезден бастап алдымен ата-анасы, одан кейін тәрбиеші тәрбие береді. Сол мезеттен баланың санасына адал болуды, дұрыс бағытты таңдауды, өмір жолында әділдікті таңдай білетін ұрпақ болып өсуіне ықпал ету керек. «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» демекші әділетті қоғам қалыптастыру- отбасынан басталады.
Тәуелсіздігіміз бен елдігіміздің мәңгілік тұрақтылығы ол адалдық жолымен тығыз байланысты. Яғни, ашып айтсақ жас ұрпағымызды турашылдыққа баулуымыз қажет. Әр ортада белең алған лас сыбайластықтан ада болуын түсіндіруіміз керек. Бұл індет адамзат баласына жат қасиет. Кеңес дәуірінен басталған бармақ басты, көз қысты әдеті әлі жалғасын табуда. Әрине бұл өкінішті. Мемлекеттік сатып алу, мемлекет қаржысын талан-тараж етіп, жер телімін заңсыз беру оны жасырып қалу әлі де баршылық. Жылтыраған көк ақшаға алдану- үлкен қасірет екені анық. Сөз соңында түйгенім: Жемқорлық бір күнде жойылатын іс емес. Қазақта «Жұмыла көтерген-жүк жеңіл» демекші еліміздің әр азаматы білек сыбана кірісер болса бір нәтиже болары анық!

Ж.Усербаева,
Меркі ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің жастар ісі жөніндегі инспекторы

Comments are closed.