Кәсіби мереке аталып өтілді
28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қыз-меткерлерінің күніне орай, аудан әкімінің орынбасары Бегалиев Берік Дүйсенбайұлы аудандық «Меркі ақиқат» және «Меркі тынысы» басылымдарының қызметкерлері мен мемлекеттік органдардың байланыс қызметіне жауапты мамандарды қабылдады.
Аудан әкімінің орынбасары Берік Дүйсенбайұлы байланыс қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтап, қазіргі қоғам-дағы бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің рөлі мен оларға жүктелген жауапкершіліктің маңыздылығына тоқталды.
Ол ауданда байланыс және ақпарат саласында қызмет атқарып жүрген бірқатар қызметкерлерді аудан әкімінің Алғыс хатымен марапаттап, сыйлықтар тарту етті.
Сонымен қатар, ауылдық округтердегі әлеуметтік желідегі парақшаларды жүргізетін мамандарды да Алғыс хаттармен марапаттады. Арнайы сыйлықтар тарту етті.
Айтулы мереке қарсаңында газетіміздің тілшісі Лаззат Серікбай облыстық Тілдер басқармасының үйымдастырумен өткен «Тіл жанашыры“ байқауына қатысып, бөлім басшысы Рахия Тұрмағамбетованың қолынан арнайы Алғыс хатпен марапатталып, қаржылай сыйақыға ие болды.
“Меркі Ақиқат”