“Үздік шебер-2022“ байқауы мәресіне жетті

0
113

Жуырда №9 Меркі колледжінің акт залында өндірістік оқыту шеберлері арасында “Үздік шебер-2022” мәнді де мағыналы байқауы салтанатты түрде қызықты өтті.

Байқаудың мақсаты студенттердің жүрегіне жол таба білген, білім нәрімен сусындатып қана қоймай, тәлім-тәрбиенің асыл қазынасын құя білген шеберлерді анықтау. Байқау екі бөлімнен тұрды.

І – бөлім

Электронды портфолио. 10 мин

Понорамалық сабақ. 15-20 мин

“Менің кәсіптік білім беруді дамытуға қосар үлесім” (Эссе)
ІІ – бөлім

Өзімнің өмір дерегім. (Таныстыру)

Өндірістік оқыту шеберінің шығармашылық және инновациялық қызметінің презентациясы (Үй тапсырмасы қозғалмалы макет)

Өнердің өрі-таланттың төрі. (Өнер сайысы)

«Жағдаяттар қоржыны» (Ситуациялық сұрақтар)

Таңқалдыру.
Сайысқа қатысқан үміткерлер:

«Токарлық іс» мамандығының өндірістік оқыту шебері С.Абдельдинов;

«Ақпараттық жүйелер» мамандығының өндірістік оқыту шебері А.Джекебаева;

«Дәнекерлеу ісі» мамандығының өндірістік оқыту шебері Қ.Әбдіманапов;

«Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығының өндірістік оқыту шебері А.Қайралапова;

“Электр жабдықтары” мамандығының өндірістік оқыту шебері Ж.Рахметов. Сайысқа қатысқан барлық үміткерлер дипломдармен марапатталды: Бірінші дәрежелі диплом “Электр жабдықтары” мамандығының өндірістік оқыту шебері Ж.Рахметов.
2 – дәрежелі диплом “Токарлық іс” мамандығының өндірістік оқыту шебері С.Абдельдинов, 3-дәрежелі диплом “Тамақтандыруды ұйымдастыру” мамандығының өндірістік оқыту шебері А.Қайролапова иеленді.
ХХІ ғасыр – Білім ғасыры. Ендеше ғасырдың сайысынан қалмайық. Еңсесі биік егеменді еліміздің адалдықты ту еткен алғыр ойлы, адал азамат ұл – қыздарына саналы тәрбие, сапалы білім беруде шаршамай еңбек етіп жүрген ұстаздардың еңбегі зор. Шәкірттер оза шапса, біздерге мақтан құрмет.

Сумбилшаш Даулетиярова,
№9 Меркі колледжінің
№ 13 «Бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығының өндірістік оқыту шебері

Comments are closed.