Күй күмбірі
Меркі аудандық білім бөлімінің №2 балалар музыка мектебінің халық аспаптар бөлімі, домбыра сыныбының ұйымдастыруымен ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Дина Нұрпейісованың 160 жылдығына арналған «Күй күмбірі» атты концерттік бағдарлама болып өтті.
Д.Нұрпейісованың қүйлерін насихаттау, мол мұрасын өскелең ұрпақ бойына сіңіру мақсатымен өткізілген бұл іс-шараға директордың оқу-тәрбие жөніндегі орынбасары Жазгул Абенова өзі тікелей басшылық етіп, қадағалап өткізді. Света Букарбаева мен Гаухар Есмағамбет кешті әдемі, әсерлі жүргізді. Кеште атақты күйші туралы слайд көрсетілді, арнайы бильборд жасалынды. Түпнұсқадағы Дина апамыздың өзі орындаған «Науысқы» күйі бейнетаспадан көрсетілді. Құрманғазының шәкіртінің алғашқы күйлері: «Әсемқоңыр», «8 март», «Бұлбұл», «Байжұма», «Жігер», «Тойбастар», «Жеңіс» күйлері тартылды. Музыка мектебінің домбырашылары, 25 оқушы қатар отырып, барлық күйін тарта білетінін көрсетті. Ерлік Жақсылықов, Тимур Үмбетжан, Дүйсенбай Диана, «Назқоңыр» домбырашылар ансамблі Дина Нұрпейісованың күйлерін нақышына келтіре орындап берді.
Ә.Боранқұлова,
журналист