Менің елім – Қазақстан
16 желтоқсан Қазақстан Республикасының ұлттық мерекесі — Тәуелсіздік күніне 30 жыл мерейтойы қарсаңына орай Меркі ауданы Интернационал ауылында «Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы орта білім беретін мектебінде 2021 жылдың 14 желтоқсанда «Менің елім — Қазақстан» атты 5-9 сыныптар аралығында көркем еңбек пәні мұғалімдері З.Омарова, К.Ниязкулова, А.Қалбаева, біздің ұйымдастыруымызмен сурет және қолөнер көрмесі өткізілді.
Білім алушыларымыздың, өскелең ұрпақтың елін, жерін сүюге, Отанының патриоты болуға, адамгершілік, жауапкершілік сезімдерін оятуға тәрбиелеу мақсатында жас суретшілеріміз өз туындыларын Қазақстанның керемет тұстарын, атамекенді, мемлекеттік рәміздерді, табиғаты мен кең даласы, ұлттық ою-өрнектері суреттерін бейнелеп көрсетті. 30 жылдық белесте Тәуелсіздігімізді нығайтып, бірлік пен елдігімізді, туған тілімізді, ұлтжандылығымызды және салт-дәстүрлерімізді биік орынға қою мәртебесі көтеріліп, теңдік алдық.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей:
«Тәуелсіздік — бұл біздің басты құндылығымыз, ол бәрінен бұрын биік! Біздің міндетіміз — өркендеген және қуатты Қазақстанды болашақ ұрпаққа мұра етіп қалдыру».
Тәуелсіздік жылдарында жеткен жетістіктеріміз тұңғыш президентіміз айтқандай «Елдіктің жеті тұғырынан» туындайды.
«Менің елім – Қазақстан» атты сурет және қолөнер байқауының қорытындысы бойынша жеңімпаздар алғыс хатпен марапатталды.
З.Омарова,
А.Тұрғымбаев атындағы №7 ЖОББМ көркем еңбек пәні мұғалімі