Жамбыл облысында коронавирусқа қарсы вакцинациялау жалғасуда
2021 жылдың 1 ақпаны мен 2022 жылдың 17 қаңтар аралығында Жамбыл облысына COVID-19-ға қарсы вакциналар 659 070 адамға 1 318 140 доза жеткізілді, оның ішінде «Спутник V» 421 795 адамға 843 590 доза; «QazVac» — 120 775 адамға 1241 550 доза; «CoronaVac» — 17 мың адамға 34 мың доза; «Hayat – Vax» — 60 мың доза 30 мың адамға; Синофарм Verocell — 69 500 адамға 139 мың доза.
17.01.2021ж. жағдай бойынша 1 рет барлығы – 633397 адам вакцинацияланды, бұл 613300 адамның 110,3%-ды құрайды, оның ішінде 17810 — медицина қызметкерлері (2,8 %), 29004 — білім беру ұйымдарының қызметкерлері (4,6%), 13581 – күш құрылымының мамандары (2,1%), 6512 — мемлекеттік қызметкерлер (1,0%), 13692 — студенттер (2,2%), 1334 — әлеуметтік мекеме қызметкерлері (0,2%), 71818 — созылмалы аурулары бар тұлғалар (11,3%) және 479646 — басқалары (75,7%).
Екпе алған 633397 адамның, 567671 вакцинаның екінші компонентін алды. Вакцина алғандар тарапынан денсаулығына теріс әсер беріп, шағым келтіргендер тіркелген жоқ.
Жамбыл облысына 2021 жылдың 11 қарашасында жасөспірімдерді, жүкті және бала емізетін әйелдерді вакцинациялау үшін 117000 адамға 234 000 доза Пфайзер вакцинасы жеткізілді. 17.01.2021ж. жағдай бойынша Pfizer вакцинасының 1 турымен 35771 адам қамтылды (бұл 139 230 адамның 25,7%). Оның ішінде: 30453 жасөспірім, 1962 жүкті және 3356 бала емізетін әйел егілді. Екпе алған 35771 адамның, 10460 вакцинаның екінші компонентін алды. Вакцина алғандар тарапынан денсаулығына теріс әсер беріп, шағым келтіргендер тіркелген жоқ.
17.01.22 жылғы жағдай бойынша вакцинациялаудың 2 турынан кейін 6 айдан кейін барлығы 58 674 адам қайта вакцинацияланды, оның ішінде Тараз қаласы бойынша 18 082 адам және аудандар бойынша-40 592 адам.
Жамбыл облысында коронавирустық инфекцияға қарсы егу жұмыстары жалғасуда.