Шынайы Құттықтауымызды жолдаймыз!
Биыл Қазақ елінің біртуар қоғам, мемлекет қайраткері Асанбай Асқаровтың туылғанына бір ғасыр-100 жыл толады. Осыған орай аудандық білім бөлімінің, №1 жалпы білім беретін орта мектеп гимназиясы ұжымының қажырлы еңбектерінің арқасында жақында Республикалық Ономастикалық комиссияның шешімімен аталмыш мектепке жерлесіміз Асанбай Асқаров ағамыздың есімі берілді.
Біз ұжымды газет оқырмандары атынан Асанбай Асқаров атындағы орта мектеп гимназиясы атануымен шын жүректен құттықтаймыз!
Сол сияқты кезінде Владимир Савва атындағы жалпы білім беретін №9 орта мектеп лицейі де Республикалық Ономастикалық комиссиясының шешімімен Мұхтар Әуезов атындағы орта мектеп лицейі лауазымына ие болды.
Мектеп ұжымын Кеңес Одағы мемлекеттік сыйлығының иегері, халық жазушысы Мұхтар Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп лицейі атануымен құттықтаймыз!
«Меркі Ақиқат»