«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» қайырымдылық бастауы

0
278

Балалардың қуанышы – қуаныштардың төресі. Әр санаттағы отбасы балаларына көмектесіп сауап алғанға не жетсін. Әр оқу жылының қарсаңында «Мектепке жол» акциясының өткізілуі дәстүрге айналып келеді. Биылғы 2020-2021 оқу жылында да аталмыш шара жалғасын тапты. Акция аясында оқушыларды жаңа оқу жылына дайындау науқанына Кеңес ауылдық округінің әкімі, №6 ЖОББМ, ауыл азаматтары, жеке кәсіпкерлер «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» жалпы республикалық қайырымдылық акциясына белсене қатысуда.
ҚББ бөлімінің бекіткен жоспарына сәйкес жоспарды орындауға қайырымды жандарды тарту арқылы жүзеге асырудамыз.
Акцияның мақсаты-аз қам-тылған, көпбалалы отбасылардан шыққан білім алушыларға, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезеңінде материалдық және өзге де көмек көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алу.
«Адамға қымбат нәрсе — жұрт қамы, жұрт ісі» деп А.Байтұрсынұлы айтқандай осы қайырымдылық акциясына атсалысқан демеушілеріміз де бар. Атап айтар болсақ, Шотанов Нұрлан, Айдаралиев Алпыс, «SMART Agro Karkara» ЖШС көрсеткен көмектеріне алғысымыз шексіз.
Қол ұшын созған демеушілер оқу жылына дайындауға үлес қосып, оқу құралдарын, кеңсе тауарларын, мектеп формасын, спорттық киімдерін сыйға тартты.
Әрине бұл акцияның басы ғана. Біздің әрқайсымыз халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларды мектепке дайындауда атаулы көмек көрсетуде азаматтық белсенділік таныта аламыз. «Мектепке жол» акциясы балалардың жақсы және бақытты болуы үшін үлкен мүмкіндік тудырады.
Бүгінде «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» акциясы жалғасуда. Жүрегі халқым деп соғатын демеушілерді күтеміз, көппен көтерген жүк жеңіл.

З.Шалабаева,
№6 ЖООБ мектебінің әлеуметтік педагогы

Comments are closed.