Жүйріктен жүйрік озар

0
99

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 9 ақпандағы Мемлекеттік жастар саясаты туралы Заңын іске асыру, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласын жастар арасында кеңінен насихаттау, салауатты өмір салтын қалыптастыру, спортқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру мақсатында ағымдағы жылдың қыркүйек айының 13 жұлдызында Меркі ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен аудан жастары арасында салауатты өмір салтын насихаттау және спортпен жүйелі түрде айналысу мақсатында «Street Workout» алаңшасында жарыс өткізілді.
Іс – шараның ашылу салтанатында Меркі ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ – нің директоры Жамалбек Жансұлтан Ұлықбекұлы сөз сөйледі. Жарысқа «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің қызметкерлері, ауылдық округтердегі спорт мамандары, «Меркі жастары» волонтерлар қозғалысының мүшелері және аудан жастары қатысып, «Ақарал» командасы І орын, «Жамбыл» командасы ІІ орын және «Меркі» командасы ІІІ орын алды. Жастарды ынталандыру мақсатында Сарымолдаев, Андас батыр, Кеңес, Сұрат, Ойтал, Жаңатоған ауылдық округтеріне алғыс хат табысталды. Жүлделі орын иегерлері арнайы дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы»

Comments are closed.