Мемлекеттік тіл-менің тілім!
Тіл – қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, ары қарай қалыптасады.
Тіл байлығы — әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Демек, әр адам баласы ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға тиіс.
Ана тілі – біздің ең басты байлығымыз. Ана тілі — ең ұлы және тамаша тіл. Менің ана тілім — өзбек тілі. Қазақ тілі — мемлекеттік тілім. Бұл — ауыр тіл, бірақ әрбір қазақ елінің тұрғынына оны білу парызымыз және құрметтеуге тиіспіз деп ойлаймын.
«Ана тілі — халық боп жасағаннан бері жан дүниеміздің айнасы, өсіп-өніп түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі»,- деп Жүсіпбек Аймауытов айтқандай елін, жерін сүйген әрбір азаматтың көкірегінде тіліне деген сүйіспеншілігінің мақтаныш сезімі болуы керек.
Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі.
Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық салаларында қолданылатын тіл болғандықтан, жүргізілетін барлық іс-қағаздары мен құжаттар мемлекеттік тілде болуы тиіс. Өйткені,өркениетке құлаш ұратын елдің өрісі қашанда білікті де, саналы ұрпақпен кеңеймек. Әлемдегі мүйізі қарағайдай елдердің санатына енуді көздеген халықтың басты мақсаты да сауатты ұрпақ тәрбиелеу. Сауатты ұрпақ тәрбиелеу дегеніміз, өз ана тілінде еркін сөйлей алатын, оны терең меңгерген ұрпақ. Ал ана тілін жақсы білмейінше сауатты сөйлеп, сауатты жазып, тіл байлығын мол қолданбайынша, шын мәніндегі мәдениетті адам бола алмайсың.
Тіл тағдыры — ел тағдыры екенін ешуақытта ұмытпайық. Әрбір адам өз ана тілін білу және мемлекеттік тілін меңгеруге міндетті.
Ең тәтті де – тіл,
Ең ащы да – тіл,
Ең жұмсақ та – тіл,
Ең қатты да – тіл.
Тіл – ұлттың жан дүниесі.
Тіл жоқ жерде — ұлт жоқ.
Тіл — ұлы, құдіретті;
Көмектеседі, үйретеді, ұлықтайды;
Біздің болашағымыз – қазақ тілінде!
Мен ана тіліммен мақтанамын және мемлекеттік тілді құрметтеймін!
Фируза Ибрагимова,
№17 ЖОББМГ -ның география пәні мұғалімі