«Тәуелсіздік-тірегім»
«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімінің Ақермен ауылындағы «Бүлдіршін» бөбекжай- бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнында тамыздың 6 күні «Тәуелсіздік-тірегім» атты суреттер сайысы өтті.
Іс-шараға әдеттегідей Ақермен ауылдық округінің маманы, «Ақермен » ауылдық мәдениет үйінің мәдени ұйымдастырушысы Гүлжан Әубәкірова және ата-аналар комитеті мүшелері,жалпы ауыл тұрғындары көрермен ретінде қатысты. Қазір шалғай ауылдағы қалыптасқан дәстүрге байланысты үлкенді-кішілі іс-шараның қай-қайсысы болмасын санаулы мекемелер бір-біріне қолының ұшын беріп,қолдау көрсетіп, тілектестік ниетте өтеді.
Бөбекжай тәрбиешісі Абдрахманова Қарлығаш Тәуелсіздік тақырыбында бүлдіршіндер арасында сурет сайысын ұйымдастырған екен.Іс-шара сюжеті төмендегі бөлімдерге бөлінген : — Тәуелсіздік туралы мағлұматтар;
-Желтоқсан оқиғасы туралы әңгіме;
- «Алтын адам» қонақта (суреттер тақырыбын ұсынады);
-Тәуелсіздікке арналған тақырыптар;
-Бүлдіршіндерді 2 топқа бөліп: 1. «ҚР туы» ; 2. «Туған өлкем» сурет салғызу;
-Отан туралы мақал-мәтелдер;
-«Менің Қазақстаным» хор.
«Кеңесіп пішкен тон келте болмас» дейді қазақта. Ауыл адамдары бір-бірін жақсы таниды, сайыс, жарыс бола тұра үлкені болсын, кішісі болсын өзінің жеңісін соншалықты бір асқақтатып дәріптемейді. Әділқазылар алқасы қандай шешім шығарса да сабырмен, салмақтылықпен қарсы алып бір—бірін жеңістерімен құттықтап тарқасады.
Қандай әліметтер болмасын бүлдіршін тілімен айтылған соң ересектердің де жадында сақталып қалатыны белгілі. Күйбең тірлікпенен күнелтетін ауыл тұрғындары үшін бұл іс-шара кәлуілгідей ағарту мақсатын жүзеге асырғандай.Өз бүлдіршіндерінің сайысқа түсіп, ондағы тапсырмаларды бар жан-тәндерімен орындаулары әрине әсерлі. Сұрақтарға жауап беріп,тәуелсіздік туралы тақпақтар оқығанда құйқа тамырың шымырлап,
ерекше әсер қалдыратын рас. Бүлдіршіндермен бірге іс-шара тапсырмаларына бүкіл көрермен қатысып, қуанатын жерінде қуанып кемшін соққан тұстарында әттеген-ай айтып, бір сергіп қалғандары анық. Еліміздің мемлекеттік нышандарына бүлдіршіндер шама-шарықтарынша сипаттама беріп,анықтама айтып жатты.
Мен қыранмын-еркіндікті құп көрген,
Мақтанатын қазақ деген мықты елмен.
Мен бар жердің несібесі молайып,
Мен бар жерге әрқашанда құт келген!
Дала қыраны еліміздің туында қалықтап ұшқанында үлкен мән жатыр екен ғой!,-деп қаласын.
-Тәуелсіздік ше?
Ол-менің тегім,ұлдарыма оны дарыттым,
Тәуелсіздік – мен, ол-менің асқақ аңызым,
Болмысы ол ұлдың өзіңнен туған Жарық Күн!!! (Ерлан Жүніс)
Іс-шара әнұранмен басталып әнұранды айтумен аяқталды.Алқа мүшелері бүлдіршіндердің еңбектерін түгел жиып ап, ауыз-екі бағаларын беріп жалпы бүлдіршіндердің өздеріне шығармашылық табыс тіледі.
С.Р.Аманжолов
Меркі мәдениет үйі МКҚК әдістемелік бөлме меңгерушісі