Дамудың қозғаушы күші — жастар

0
59

Жастар – еліміздің келешегі, қоғам айнасы. Оларға қарап ертеңгі күннің, болашақтағы қоғамның қандай болатынын болжаймыз. Сондықтан да олардың қызығушылығын қоғам игілігіне қарай бұру дұрыс дүние. Жалпы, қандай елде болсын азаматтары мен жастарының ел ісіне араласуы жақсы құбылыс!.. Қазіргі таңда, елімізде жастар саясатының аясында қолға алынған көптеген игі бастамалар өз жемісін беруде.
Мен, Жамалбек Жансұлтан Ұлықбекұлы 2021 жылдың мамырынан бастап, Меркі ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығының» КММ-нің директоры лауазымына тағайындалдым.
Алғашқы жұмыс өтілім 2016-2018 жылдар аралығында Меркі ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің жастар ісі инспекторы ретінде басталған. Меркі ауданында мемлекеттік жастар саясатын іске асыру барысында қызмет атқарғаныма 3 жылдан аса уақыт өтті.
Меркі ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен 1 жартыжылдық қорытындысы бойынша әр түрлі бағытта 316 іс-шара ұйымдастырылып, жалпы 7543 жас қамтылды. Волонтерлік қозғалыс бойынша жалпы 162 іс шара ұйымдастырылып, 1312 жас қамтылды. Жастарға әр түрлі бағытта 2067 жасқа консультациялық кеңестер беріліп, жастар мәселесін оңтайлы шешу мақсатында тиісті мекемелерге жолданды. Жастарға арналған мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау мақсатында 14 іс-шара өткізіліп, 3 бейнеролик түсірілді. «Жолдау – дамудың жаңа бағыты» атты тақырыпта «ММ Меркі» сауда орталығы және «Халыққа қызмет көрсету орталығы» КММ-нің ғимараттарында көшпелі кеңес беру алаңдары өткізілді. Шаралар барысында, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі, «Адалдық алаңы» жобалық офисі, «Халықты жұмыспен қамту орталығы», «Жер қатынастары бөлімі», «Денсаулық сақтау бөлімі» және т.б. бөлімдер мен мекемелердің мамандары кеңес беру алаңына қайырылған аудан тұрғындарына тиісті деңгейде кеңестер берді.
Аға буын жастардың атқарып жатқан қызметіне қарай кеңесін беріп, тура жол, бағыт-бағдар көрсете білу керек. Осы орайда, «Аталар айтқан ақыл сөз» жобасы аясында аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы Қамбарбек Иманалиев, Шырын Мамасерікова, Қайнаркүл Таттықұлова және т.б. ауданымызға еңбегі сіңген ардагерлер, зиялы қауым мүшелерімен жастар арасында тәрбиелік маңызы бар кездесулер ұйымдастырылып тұрады.
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 9-ақпандағы «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңын іске асыру мақсатында «Серпін – 2050» бағдарламасы бойынша ресурстық жұмыстар жүргізіліп, орталыққа қайырылған жастарға тиісті деңгейде кеңестер берілуде. Сонымен қатар, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Семей мемлекеттік заң университетінің өкілдерімен тікелей эфирлер өткізілді. 2020 жылы «Серпін–2050» бағдарламасы бойынша Солтүстік өңірлердің ЖОО-на Меркі ауданынан 9 жас грантқа түсті. Атаулы бағдарлама бойынша 300-ден астам мектеп түлектеріне кеңес беру жұмыстары жүргізілді.
Әрине жастар саясатын жүзеге асырудың барлық тетіктері мемлекет тарапынан тыңғылықты әрі жүйелі түрде ескерілген. Бұл орайда, мен жастардың өзінен ізденімпаздықты талап етемін. Себебі, қазіргі уақытта мемлекетіміз жастар үшін барлық жағдайды жасап, көптеген мүмкіндіктер берілуде. Мемлекет тарапынан беріліп жатқан осындай қолдауларды жастар пайдалана білсе екен деймін. Оқимын дейсіз бе? Кәсіпкерлікпен айналысамын дейсіз бе? Жалпы жастардың еліміздің дамуына үлес қосып, қоғамнан өз орындарын табуға қажетті жағдайдың бәрі елімізде бар. Жастар қоғамның дамуына атсалысуға асығуы керек, сол жолда ортақ бір мүдденің аясында бірігулері тиіс.

Жансұлтан Жамалбек, «Жастар ресурстық орталығы КММ-нің директоры

Comments are closed.