Тәуелсіздік-тірегіміз

0
50

Қазақстан Республикасының Конституциясы күні мерекесіне орай аудандық мәдениет үйінде салтанатты жиын өтті.

Айтулы мерекелік іс-шараға аудан әкімі Руслан Маратұлы Нұрсипатов қатысып, аудан тұрғындарын құттықтады.
– Ұлт Тәуелсіздігінің 30 жылдығында Конституция күні мерекесінің маңызы айрықша. Бүгінде татулығы мен бірлігі, ынтымағы мен өзара түсіністігі жарасқан көпұлтты халқымыздың қалауымен өмірге келген Негізгі Заңымыз – Тәуелсіздікпен егіз ұғымға айналды!
Өйткені, бұл Елбасы, Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың сарабдал саясатының жемісі.
Себебі, біз ұлтымыздың киелі кітабы, кемел Конституциямызды Тәуелсіздік арқылы қабылдадық.
Ата Заң – біздің азаттық алғалы атқарған барлық істеріміздің алтын таразысы, асыл діңгегі болып табылады,-деді аудан басшысы.
– Ата Заңымыздың арқасында еліміздің іргесі бекіді, халқымыздың татулығы мен қоғамдық-саяси тұрақтылық нығайды.
Бейбітшілік пен келісімнің, тұрақтылық пен тұтастықтың үлгісін көрсетіп, Қазақстанды туған Отаным деген және мәңгілік мекені еткен жүздеген этнос өкілдерінің атамекеніне айналды.
Әлем жұртшылығы алдында мерейіміз артып, абыройымыз асқақтады.
«Жеті жарғыдан» бастау алған Ұлы Дала елі Ата Заңы арқылы асқар асулар мен биік белестерді бағындырып, бүгінде жаңа кезеңге – жаңғыру дәуіріне нық қадам басып отыр. Себебі, бұл атаулы күнге еліміз аса зор табыстармен, айтулы жетістіктермен жетіп отыр.
Тәуелсіздігіміздің тірегі, мемлекеттігіміздің жүрегі болған Ата заңымыз мәңгілік болсын!
Ата Заңды ардақ тұтқан өнегелі еліміз өркендей берсін!,- деп, ізгі тілектерін арнап, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан бірқатар азаматтарды «Құрмет грамоталармен» және «Алғыс хаттармен» марапаттады.
Сонымен қатар, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қамбарбек Иманалиев ардагер ұстаз Базаркүл Әлмейізова, әзірбайжан этномәдени орталығының жетекшісі Гульага Джамалов сөз сөйлеп, барша аудан жұртшылығын Ата заңымыз Конституция күнімен құттықтап, ықыластарын білдіріп, тілектерін арнады.
Іс-шара барлық карантиндік талапатарға сәйкес ұйымдастырылып, мәдениет үйінің өнерпаздарының мерекелік сазды бағдарламасымен жалғасты.

Советхан Альбина,
Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі
Еркін Жасыбаев, Суреттерді түсірген

Comments are closed.