Жаңа форматтағы ұстаз
«Адамның адамдық, ұлттың ұлттық ең жоғары қасиеті-тіл өткірлігі мойымасын, тіл сұлулығы кемімесін!»
Ғабиден Мустафин
Қазіргі таңдағы ұстазға деген талап жан-жақтылықты қажет етеді. Осыған сәйкес, Елбасымыздың саясатының арқасында көптеген мұғалім өз білімдерін жетілдіруде. Бүгінгі таңда мемлекетіміздегі білім беру жүйелері мен білім беру мазмұны жаңару жолында. Білімдену жүйесінің табысты болуы көбіне, қолданылатын оқу әдістеріне тәуелді.Оқу әдісі-білім игеру мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған оқытушы мен оқушының бірліктегі іс-әрекеті, қимыл-тәсілі. Қай қоғамда болмасын шешуші фактор- адам және жеке тұлға болып қала бермек.
Ғасырлар бойы қалыптасқан рухани құндылықтарымызды, байлығымызды түгендеу,
игеру, жас ұрпақ бойына игі қасиеттерді сіңіру, бүгінгі ұстаздардың басты борышы. Ел болашағы-білімді ұрпақта. Сондықтан білім беру саласында жасалып жатқан жаңа реформаларды жүзеге асыру- ұстаздар қауымына ортақ іс.
Қазақстан — Егеменді, көп ұлтты, демократиялық, зайырлы, құқықтық мемлекет. Қазақ елі аз уақыт ішінде тарихта бұрын-соңды болмаған табыстарға қол жеткізді. Осындай елде туғаныма, өмір сүріп жатқаныма мақтанамын. Отан алдындағы парызыма үлкен жауапкершілікпен қараймын, өз елімде білім алып, ана тілімде сөйлеп және өзге тілдерді меңгеріп жүрміз. Оған дәлелім бар, қазіргі таңда өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілінен сабақ үйретіп жүрмін. Өз үлесімді Елімнің өркендеуіне қоссам деймін, менде тіл жанашырлардың бірімін. Жыл сайын мемлекеттік тілді оқыту мен үйрету дамып келеді.
Сондықтан бүгінгі күнімде көп ізденіп, тынымсыз еңбектенуім, сабақ берудің амал-тәсілдерін жетілдіріп отыруын қажет етеді. Өйткені, білім мазмұны — оқыту үрдісі үнемі жаңартуды талап етуде. Интеграция мен ғаламдастыру қатар жүріп келе жатқан бүгінгі таңда мектептердегі жеткеншектердің білімін және ойлау деңгейін жан-жақты дамыту, жаңа технологиясын күнделікті жұмысымда қолдана білетін мұғалімдердің бірімін. Қазіргі атқарып жүрген ісім өзіме ұнайды, өйткені Заманымызға сәйкес, көп білу үшін, көп оқу керек »Интернет» «Ғаламтор» жүйесін меңгеру қажеттілігі туындады. Ақпараттар ағыны ағылған, түрлі хабарлар тасқыны, электронды құралдарды, компьютерді жетік меңгеруді тиімді болғаны анық. Осы бағытты қолданып жүрмін.Жаңа технологияларды меңгеру мұғалімнің зияткерлік және өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруға көмектеседі. Жаңа технологияларды сабақта қолданудың тиімділігі өте маңызды,соның бірі «Оқу мен жазу» арқылы Жаңа технологияларды пайдалану- білім мен сапасын арттырудың негізгісін басшылыққа алдым.Осыған сай мені қызықтырғаны және оқу барысында баланың өзі ізденіп,өзі дәлелдеуі. Сабақ беру жай ғана шеберлік емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер екеніне көзім жетті.
Ұстаз үшін ең басты мәселе-оқыту әдісін дұрыс бағыттау білуі, сабақтарымызда инновациялық технологияны пайдаланып отырсақ, сенімді тұлғаны және бәсекеге қабілетті жас жеткіншекті тәрбиелей аламыз.
И.Жақсымбетова,
Трубицын атындағы орта мектебінің түлегі