МҰРАЖАЙҒА САЯХАТ
«Бақытты бала — бақытты ел» акциясы аясында «Таңғажайып әлем» блогы бойынша №1 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясының оқушылары Меркі аудандық тарихи-өлкетану музейіне саяхат жасады.
Мұражайдың археология, этнография, тарих, спорт, өнер залдарына экскурсия жасаған оқушылар ондағы экспозициялармен және құнды жәдігерлермен танысып, үлкен әсер алды. Ауданымыздың табиғи және қазба байлықтары, табиғаты, халқымыздың салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, өлкемізден шыққан өнер майталмандарының өмірі мен шығармашылығы, спорттағы жетістіктері, еңбек ерлері туралы оқушылар мол мәлімет алды. Туындаған сұрақтар бойынша «Ұлы даланың ежелгі өнер және технологиялар музейі» бағыты бойынша, музей суретші – көркемдеушісі П.Джумабекова адам өмірінің ажырамас бөлшегіне айналған зергерлік бұйымдарды, соның ішінде сақ дәуірінде кеңінен пайдаланған «Аң стилі» жайында, және әр бөлім бойынша құнды деректерді кеңінен таныстырды. Мұражайға саяхат оқушылардың ой-өрісін, танымдық қабілеттерін арттырып, туған жер тарихымен қанығуына мүмкіншілік туғызды. Саяхат нәтижесінде оқушылардың ой-өрістері, танымдық қабілеттері артып, туған өлке тарихына деген қызығушылығы дамып, бойларында тарихқа, қазіргі өмірге, туған жерге, ата құндылықтарға деген құрмет сезімдері кеңейе түсті деуге болады.
Айнур Айтбаева,
№1 ЖОББ мектеп-гимназиясы директорының
тәрбие ісі жөніндегі орынбасары